"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-тармағы 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 38) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 24) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 17.12.2025 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Еңбек құнының индексін есептеу бойынша әдістеме бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Қ.К. Орынханов) жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық экономика министрлігі | |
Статистика комитеті төрағасы | Н. Айдапкелов |
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 7 шілдедегі № 138 бұйрығымен бекітілген |
Еңбек құнының индексін есептеу бойынша әдістеме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Еңбек құнының индексін есептеу бойынша әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптастырылатын және "Мемлекеттік статистика туралы" (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 17.12.2025 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Әдістеме жалпымемлекеттік статистикалық байқау өткізу кезінде уақыт бірлігіне есептелген жұмыс күшіне жұмсалған шығыстары туралы статистикалық ақпараттарды алудың негізгі аспектілерін және әдістерін айқындайды.
3. Осы Әдістемені Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы халықаралық салыстырулар және елдің әлеуметтік-экономикалық даму болжауында пайдаланатын еңбек құнының индексін есептеу үшін қолданады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 17.12.2025 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.4. Әдістемеде Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар мен мынадай негізгі анықтамалар қолданылады:
1) базистік жыл (тоқсан) – жыл (тоқсан) көрсеткіштеріне келесі жылғы (тоқсандағы) есептік көрсеткіштерді салыстыру үшін келтірілді;
2) еңбек құнының индексі – жұмыспен өтелген 1 сағатқа есептегендегі жұмыс күшіне арналған шығындар құнының орташа деңгейі уақытындағы өзгерісін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш;
3) жалақы қоры – Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес және олардың қаржыландыру көзі мен оларды нақты төлеу мерзіміне қарамастан, салықтар мен басқа да ұстап қалуларды (табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарнасы) ескере отырып, ұйымның қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу үшін есептелген жиынтық ақшалай қаражаттары (лауазымдық айлықақылар (тарифтік мөлшерлемелер), қосымша төлемдер, үстеме ақылар, сыйлықақылар және өзге де ынталандыру мен өтемдік сипаттағы төлемдер);
4) жеке индекс - тек бір ғана элемент жиынтығын өзгеруін көрсетеді және жеке құбылыстарды сипаттау үшін пайдаланылады;
5) жұмыс күшіне арналған шығындар құны – қаржыландыру көздеріне қарамастан жұмыс күшін ұстаумен және пайдаланумен байланысты жұмыс берушінің (ұйымдардың) барлық ұсталымдар (шығындар) соммасы;
6) жұмыспен өтелген адам-сағаттарының саны – ұйымның барлық қызметкерлерімен нақты жұмыс істелген, жұмыстың қалыпты кезеңі сияқты мерзімнен тыс жұмыс істеген уақыты.
2-тарау. Ақпарат дереккөздері және еңбек құнының индексін құру кезеңдері
5. Еңбек құнының индексін есептеу үшін бастапқы статистикалық деректерді өңдеу процесі кезінде алынған еңбек статистикасының біріктірілген деректері пайдаланылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 17.12.2025 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Еңбек құнының индексі Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінен (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) жекелеген қызмет түрлері бойынша есептелінеді.
7. Еңбек құнының индексін құру екі негізгі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде жұмыс күшіне арналған шығындар құнын тоқсандық бағалау және олардың орташа көрсеткіштері есептеледі, екінші кезеңде – еңбек құнының индексін есептеу.
8. Жұмыс күшіне арналған шығындар құнының өзгерісіне әсер ететін факторларды айқындау мақсатында еңбек құнының индексін құрудың 3 түрі жүргізіледі:
1) жұмыс күшіне арналған шығындардың жалпы құны бойынша еңбек құнының индексі;
2) жалақы қоры бойынша еңбек құнының индексі;
3) жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындардың құны бойынша еңбек құнының индексі.
3-тарау. Жұмыс күшіне арналған шығындар құнын есептеу
1-параграф. Жұмыс күшіне арналған шығындар құнының тоқсандық бағалауларын есептеу
9. Жалақы қоры бойынша тоқсандық еңбек құнының индексін есептеу қолдағы бар жалақы қоры деректерінің және еңбек бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқау бойынша тоқсандық есептен алынған барлық қызметкерлердің жұмыспен өтелген уақыты негізінде жүргізіледі. Тиісті кезең үшін еңбек құны индексінің басқа екі түрі бойынша тоқсандық есептеулерін жүргізу үшін жұмыс күшіне жұмсалатын шығындардың жалпы құнының бағалауы және жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне жұмсалатын шығындар құнының бағалауы жүргізіледі.
Ол үшін коэффициент анықталады, мұнда жалақы қоры жұмыс күшіне жұмсалатын шығындардың жалпы құнынан белгілі бір тәуелділікте болады.
Есепті жылы жұмыс күшіне жұмсалған шығындардың жалпы құнының тоқсандық бағалау коэффициентін есептеу үшін өткен жылдың жылдық деректері қолданылады.
10. Жұмыс күшіне арналған шығындар құнының тоқсандық бағалауларының коэффициенті келесі формула бойынша есептеледі:
![]()
мұнда
К - жұмыс күшіне арналған шығындардың жалпы құнының тоқсандық бағалау коэффициенті;
COST_TOT – өткен жылғы жұмыс күшіне арналған шығындардың жалпы құны;
WAG_TOT – өткен жылғы жалақының жалпы қоры;
OTH_TOT – өткен жылғы жалақы қорында есепке алынбаған жұмыс күшіне арналған шығындардың құны.
Коэффициентті есептеу кезінде
![]()
11. Жұмыс күшіне арналған шығындар құнының тоқсандық бағалауын есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:
![]()
мұнда
COST_TOTk – тоқсандағы жұмыс күшіне арналған шығындар құны;
WAG_TOTk – тоқсандық жалақы қоры;
К - жұмыс күшіне арналған шығындардың жалпы құнын тоқсандық бағалау коэффициенті.
12. Жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындар құнының тоқсандық бағалауын есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:
![]()
мұнда
OTH_TOTk – тоқсандағы жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындар құны;
COST_TOTk – тоқсандағы жұмыс күшіне арналған шығындар құны;
WAG_TOTk – тоқсандық жалақы қоры.
2-параграф. Жұмыс күшіне арналған шығындар құнының орташа көрсеткіштерін есептеу
13. Жұмыс күшіне арналған шығындардың жалпы құнының тоқсандық бағалауын, жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындардың құнын алған соң жұмыс күшіне арналған шығындар құнының орташа жылдық көрсеткіштерін (1 жұмыспен өтелген сағатқа) есептеуді жүргізу қажет.
14. Орташа тоқсандық көрсеткіштерді есептеу еңбек құны индексінің әрбір түрі бойынша жеке келесі формула бойынша жүзеге асырылады:
![]()
мұнда
w – шығындар құны көрсеткіштерінің орташа мәні (жұмыс күшіне арналған шығындардың жалпы құнын тоқсандық бағалау, жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындар құнының тоқсандық бағалауы және жұмыспен өтелген 1 сағатқа есептегендегі жалақының тоқсандық қоры);
W – жұмыс күшіне арналған шығындардың құны (жұмыс күшіне арналған шығындардың жалпы құнын тоқсандық бағалау, жалақы қорында есепке алынбайтын жұмыс күшіне арналған шығындардың құнын тоқсандық бағалау және жалақының тоқсандық қоры);
h – барлық қызметкерлермен жұмыспен өтелген адам-сағат саны.
Жылға арналған орташа көрсеткіштерді есептеу өткен жылғы еңбек бойынша жылдық есеп деректері негізінде 4-формула бойынша жүргізіледі.
3-параграф. Еңбек құнының индексін есептеу
15. Ласпейрестің формуласына сәйкес еңбек құны индексінің өзгеруі еңбек құнына жүйелі байқаулар жүргізу негізінде есептеледі. Әрбір уақыт кезеңінде салмақты үлес жеке индекстің соңғы мәніне көбейтіледі. Еңбек құнының индексін есептеу республика бойынша экономикалық қызмет түрлерінің белгіленген тізбесі бөлінісінде тоқсандық кезеңділікпен жүзеге асырылады:



мұнда
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
![]()
t – есепті тоқсан;
j – ағымдағы жыл;
k – базистік жыл.
4-параграф. Бірыңғай базаға еңбек құнының индексін есептеу
16. Еңбек құны индексінің серпінділік қатары үздіксіз болуы үшін l базистік жылдың салмақ құрылымы бойынша бағаланған еңбек құны индексі қатарларының l+1 базистік жылдың салмақ құрылымы бойынша бағаланған еңбек құнының қатарларымен біріктіруді қамтамасыз ету үшін пайдаланатын тіркесу коэффициентін алу қажет:

мұнда
![]()
![]()
![]()
![]()
"Тізбекті" әдіспен алынған коэффициенттер негізінде k=0 бірыңғай базистік жылмен салыстыру бойынша j жылдың t тоқсандағы еңбек құнының индексін есептеу жүргізіледі:
![]()
мұнда LCItj/0 – k=0 бірыңғай базистік жылмен салыстыру бойынша j жылдың t тоқсандағы еңбек құнының индексі.
Бірыңғай базистік жылмен салыстыру бойынша жылына орташа еңбек құнының индексін есептеу мына формула бойынша есептеледі:
![]()
мұнда LCIgj/0 – k=0 бірыңғай базистік жылмен салыстыру бойынша j жылдың g орташа жылдық мәніндегі еңбек құнының индексі.
Осылайша, тоқсандық және жылдық индекстерінің бірыңғай базаға келтірілген динамикалық қатары тізіледі. Серпінділік қатардың деректері өткен жылғы тиісті тоқсанға және сәйкесінше өткен жылға еңбек құнының индексін есептеу үшін қолданылады.
5-параграф. Тиісті кезеңдерге еңбек құнының индексін есептеу
17. Тиісті кезеңдерге еңбек құнының индексін есептеу (жылдық мәндегі) тоқсан сайын (тоқсан өткен жылғы тиісті тоқсанға) және жыл сайын (жыл өткен жылға) жүргізіледі.
18. Өткен жылғы тиісті тоқсанға тоқсандағы еңбек құнының индексін есептеу тоқсандық индекстердің серпінділік қатарының деректері негізінде жүзеге асырылады:
![]()
мұнда
LCItj/0 – базистік жылмен салыстыру бойынша j жылдың t тоқсандағы еңбек құнының индексі;
LCIt(j-1)/0 – базистік жылмен салыстыру бойынша j-1 жылдың t тоқсандағы еңбек құнының индексі.
19. Өткен жылға жылдағы еңбек құнының индексін жылдық индекстердің динамикалық қатары деректерінің негізінде келесі формула бойынша есептеледі:
![]()
мұнда
LCIgj/0 – базистік жылмен салыстыру бойынша j жылдың орташа жылдық мәніндегі g еңбек құнының индексі;
LCIg(j-1)/0 – базистік жылмен салыстыру бойынша j-1 жылдың орташа жылдық мәніндегі g еңбек құнының индексі.
4-тарау. Еңбек құны индексінің уақыт қатарларын күнтізбелік және маусымдық түзету
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 17.12.2025 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20. Еңбек құны индексіндегі негізгі үрдісті анықтау үшін JDemetra+ бағдарламалық жасақтамасында X-13-ARIMA әдісін пайдалану арқылы еңбек құны индексінің динамикалық қатарына маусымдық және күнтізбелік түзету жүргізіледі. Уақыт қатары мына түрде ұсынылуы мүмкін:
Аддитивті модель:
Xₜ = TCₜ + Sₜ + Oₜ + Cₜ + Iₜ, | (11) |
Мультипликативті модель:
Xₜ = TCₜ*Sₜ* Oₜ* Cₜ*Iₜ, | (12) |
мұнда:
Xₜ - бастапқы уақыт қатар;
TCₜ - трендтік цикл;
Sₜ - маусымдық компонент;
Oₜ - ауытқулар;
Cₜ - күнтізбелік компонент;
Iₜ - тұрақсыз тербелістер.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 17.12.2025 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Маусымдық түзету процесі үш кезеңмен орындалады.
Рәсімнің бірінші кезеңінде уақыт қатарын алдын ала түзету орындалады. Алдын ала түзетудің мақсаты – детерминирленген әсерлерді ескере отырып уақыттық қатарды түзету және ең соңғы деректердің маусымдық түзетуін жақсарту үшін қатарды болжамдар арқылы кеңейту. Осы кезеңде ARIMA моделі таңдалады, ал күнтізбелік әсерлер мен ауытқулар анықталып, қатардан жойылады.
Xₜ = Oₜ + Cₜ + Zₜ немесе Xₜ = Oₜ * Cₜ * Zₜ, мұнда Zₜ процесін ұстанады және | (13) | |
Zₜ = TCₜ + Sₜ + Iₜ немесе Zₜ = TCₜ * Sₜ * Iₜ, ұстанады | (14) |
мұнда:
Zₜ - ARIMA(p,d,q) бойынша үлгіленген стохастикалық компонент;
Oₜ, Cₜ - анықталған және жойылған ауытқулар және күнтізбелік әсерлер.
Рәсімнің екінші кезеңінде линеаризацияланған уақыт қатарын X-11 жылжымалы орташа сүзгілерін пайдалана отырып компоненттерге бөледі. Жылжымалы орташа реттің сүзгісі p+f+1 және коэффициенттері (салмақтары) {qi} былай анықталады:
| (15) |
Үшінші кезеңде әртүрлі маусымдылық тесттері, модельдің тұрақтылығы және түзетілген қатарлар негізінде маусымдық түзету процесінің сапасына диагностика жүргізіледі. Сапа диагностикасының негізгі принциптері мыналар:
модельдің/транформациялаудың нақты емес ерекшелігінің болмауы;
қалдық маусымдық/күнтізбелік әсерлердің немесе маусымдық/күнтізбелік әсерлердің шамадан тыс түзетулерінің болмауы;
ауытқуларды/маусымдық үзілістерді жеткіліксіз немесе шамадан тыс өңдеудің болмауы;
трендтік циклде/маусымдық/күнтізбелік компоненттерде тұрақсыздықтың немесе тұрақсыз компоненттегі заңдылықтардың болмауы;
трендтік циклде, маусымдық және күнтізбелік компоненттерде тұрақсыз әсердің ықпалының болмауы;
модель қалдықтарында корреляцияның болмауы.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 17.12.2025 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.22. Маусымдық және күнтізбелік түзету үшін қажетті шарт – тоқсандық уақыт қатарлары үшін кемінде бес (5) жылдық бақылаулардың болуы.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 17.12.2025 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.23. Жұмыс күнінің компонент моделі ресми мереке емес дүйсенбіден жұмаға дейінгі барлық жұмыс күндері ұқсас әсерлер беретінін және демалыс күндері (сенбі, жексенбі және ресми мереке күндері) де ұқсас әсерлер беретінін болжайды.
| (16) |
мұнда:
LYt - кібісе жыл регрессоры;
Njt - t кезеңнің j аптасының күні;
b0 және b1 - регрессия коэффициенттері.
Уақыт қатарының маусымдық компонентін сенімді бағалауды қамтамасыз ету үшін түзету процесінде Қазақстанның ұлттық күнтізбесі пайдаланылады.
Ұлттық күнтізбелік әсерлерге мыналар кіреді:
1) демалыс күндері;
2) мемлекеттік мерекелер;
3) кібісе жылдың әсері;
4) Құрбан айттың бірінші күні және православ Рождествосы.
Күнтізбелік әсерлер Қазақстан үшін жұмыс күндері әсерлерінің әртүрлі комбинацияларын көрсететін он (10) күнтізбелік регрессордың көмегі арқылы есепке алынады.
10 күнтізбелік регрессордың сипаттамасы
Атауы | Сипаттамасы | |
1-регрессор | Non-Fixed | Мереке күндері жұмыс істемейді |
2-регрессор | Non-Moving | Құрбан айттың бірінші күні мен православ Рождествосында жұмыс істемейді |
3-регрессор | Non-Sunday | Жексенбі күндері жұмыс істемейді |
4-регрессор | Non Sunday & Fixed | Жексенбі және мереке күндері жұмыс істемейді |
5-регрессор | Non Sunday & Moving | Жексенбі күндері, Құрбан айттың бірінші күні және православ Рождествосында жұмыс істемейді |
6-регрессор | Non Sunday & Fixed & Moving | Жексенбі күндері, мереке күндері, Құрбан айттың бірінші күні және православ Рождествосында жұмыс істемейді |
7-регрессор | Non Saturday & Sunday | Демалыс күндері жұмыс істемейді |
8-регрессор | Non Saturday & Sunday & Fixed | Демалыс және мереке күндері жұмыс істемейді |
9-регрессор | Non Saturday & Sunday & Moving | Демалыс күндері, Құрбан айттың бірінші күні және православ Рождествосында жұмыс істемейді |
10-регрессор | Non Saturday & Sunday & Fixed & Moving | Демалыс күндері, мереке күндері, Құрбан айттың бірінші күні және православ Рождествосында жұмыс істемейді |
24. Алып тасталды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 17.12.2025 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
25. Алып тасталды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 17.12.2025 № 32 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

