Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2015 жылғы 14 қаңтардағы № 19 ұсынысы негізінде және жануарлардың аса жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында, ауылдық округ әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округінің Жаңабұлақ ауылы және Тасқұдық қыстағы аумағында ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруы пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Алып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылдық округі әкімінің 07.09.2015 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
3. Жаңабұлақ ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Т. Қ. Есенгалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Жаңабұлақ ауылдық округінің әкімі | С. Сиражев |
