Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 23.08.2022 № 5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық санитарлық инспекторының ұсынысы негізінде, Қаратал ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Қаратал ауылдық округіндегі Жіңішкесу ауылының тұрғыны Р. Момбаевтың ұйымдастырған отарындағы мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты осы отарға шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитарлық инспекторы С. Қожекеновке осы шектеу іс-шараларынан туындайтын талаптарынының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қаратал ауылдық округінің әкімі | Т. Дюсембаев |
|
"КЕЛІСІЛДІ" Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы 02.06.2015 жыл |
С. Қожекенов |
