Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 22.06.2023 № 01-02/VIII-6-6/4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 10.06.2016 № 3-5/2-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) және 2) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, 2015 жылғы 28 сәуірдегі Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы" №104 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3984 тіркелген) қаулысына сәйкес, Зайсан ауданының мәлихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 06.06.2017 № 13-4 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Зайсан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормасы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Зайсан қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму тарифтері осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 10.06.2016 № 3-5/2-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Сессия төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы |
Д.Ыдырышев |
| № 1 қосымша Зайсан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 38-6/3 шешімімен бекітілген |
Зайсан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары
№ | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | 1 есептеу бірлігіне жылдық жиналу нормасы, м3 |
1 | Үйлер: жайлы жайлы емес |
1 тұрғын |
1,35 |
2 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар | 1 орын | 1,5 |
3 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,7 |
4 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,24 |
5 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 0,18 |
6 | Емханалар | 1 адам | 0,01 |
7 | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек-орын | 0,7 |
8 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отырғызу орны | 0,03 |
9 | Мектептер, орта оқу орындары, жоғару оқу орындары | 1 оқушы | 0,12 |
10 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы | 1 отырғызу орны | 0,14 |
11 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 м2 | 0,002 |
12 | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,07 |
13 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,10 |
14 | Азық-түлік дүкендері | сауда алаңы 1 м2 | 0,46 |
15 | Машиналарды сату | сауда орны 1 м2 | - |
16 | Өнеркәсіптік тауарлар дүкендері, супермаркеттер | сауда алаңы 1 м2 | 0,16 |
17 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 м2 | 0,04 |
18 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | сауда алаңы 1 м2 | 0,16 |
19 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | сауда алаңы 1 м2 | - |
20 | Тұрмыстық үйі: халыққа қызмет көрсету | жалпы алаңы 1м2 | 0,02 |
21 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,33 |
22 | Жағажайлар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,16 |
23 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 м2 | 0,29 |
24 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 машина-орын | 1,90 |
25 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,4 |
26 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | - |
27 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орын | 1,38 |
28 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техникалық жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 м2 | 0,21 |
29 | Зергелік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 м2 | 0,19 |
30 | Ұсақ жөндеу және қызмет көрсету кілттер жасау және сол сияқтылар | 1 жұмыс орны | - |
31 | Моншалар, сауыналар | жалпы алаңы 1 м2 | 0,40 |
32 | Қала аумағындағы жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0,80 |
33 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 2,03 |
| Қосымша № 2 Зайсан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 38-6/3 шешімімен бекітілген |
Зайсан қаласы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму тарифтері
Ескерту. Қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 10.06.2016 № 3-5/2-VI шешімімен; қосымшаға өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 10.06.2016 № 3-5/2-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Атаулары | Есептік бірлік | Баға, теңгемен |
1 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету тарифтері | ||
1.1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын/айына | 161 |
2 | Тұрмыстық қатты қалдықтарды көму тарифтері | ||
2.1 | Жеке тұлғалар | 1 м3 | 644 |
2.2 | Заңды тұлғалар | 1 м3 | 1761 |
