Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Зайсан аудандық мәслихатының кейбір шешімдері осы шешімнің қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Е. Загипаров |
| Зайсан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 22 маусымдағы № 01-02/VIII-6-6/4 шешіміне қосымша |
Зайсан аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі.
1) Зайсан аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 19-4 "Сот шешімімен Зайсан ауданының коммуналдық меншігіне түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5316 болып тіркелген) шешімі;
2) Зайсан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 38-6/3 "Зайсан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму тарифтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4190 болып тіркелген) шешімі;
3) Зайсан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы № 3-5/2 "Зайсан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын және коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму тарифтерін бекіту туралы" Зайсан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі №38-6/3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4605 болып тіркелген) шешімі;
4) Зайсан аудандық мәслихатының 2017 жылғы 6 маусымдағы № 13-4 "Зайсан қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму тарифтерін бекіту туралы" Зайсан аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі №38-6/3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5106 болып тіркелген) шешімі.
