РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43, 43-1 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 10-бабының 2-тармағына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Абай аудандық мәслихатының регламентін бекіту туралы" Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі 20/7-V шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3350 болып тіркелген, 2014 жылғы 23-31 мамырында № 18 "Абай елі" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Абай аудандық мәслихатының регламентінде:
7 тармақ жана редакцияда жазылсын:
"7. Мәслихаттың кезектi сессиясы кемiнде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргiзедi.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | А. Белібаев |
| Абай аудандық | |
| мәслихатының хатшысы | Т. Аманғазы |
