1. Ойыл селолық округі әкімінің 2011 жылғы 10 қазандағы № 107 "Ойыл селолық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-11-99 болып тіркелген, 2011 жылғы 17 қарашада аудандық "Ойыл" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің мемлекеттік тіліндегі деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын;
шешімнің орыс тіліндегі атауы мен мәтінінде "Ойылского", "Ойыл" сөздері "Уилского", "Уил" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ойыл ауылдық округі әкімі: | И. Сабиржанов |
