1. Ырғыз ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2016 жылға әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау-бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада (бюджеттік несие).
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы: | Б. СӘДІРХАНОВА |
| Аудандық мәслихаттың хатшысы: | К. ҚОСАЯҚОВ |
