1. "Ауданаралық теміржол қатынастарын анықтау туралы" 2010 жылғы 14 шілдедегі № 216/313 Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысына және мәслихатының шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3341 тіркелген, 2010 жылғы 10 тамызда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Ақтөбе-Шалқар" темір жол бағыты әлеуметтік маңызы бар ауданаралық қатынас болып анықталсын".
2. Осы әкімдіктің қаулысы және мәслихаттың шешімі олар алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | Б. САПАРБАЕВ |
| Облыстық мәслихаттың хатшысы | С. ҚАЛДЫҒҰЛОВА |
|
Облыстық мәслихаттың сессия төрағасы |
Л. ЖАЗЫҚОВА |
