Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Целиноград ауданы Шалқар ауылдық округі әкімінің 20.07.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Занының 10-1 бабаның 7) тармақшасына сәйкес, Целиноград ауданы мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық бас инспекторының 2014 жылғы 8 желтоқсан № 01-16-945 ұсынысы негізінде, Шалқар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Целиноград ауданы Шалқар ауылдық округінің Шалқар ауылы елді мекенінің аумағындағы ұсақ қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауру ошағының анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Шалқар ауылдық округінің әкімі: |
Қ.Нығметов |
