РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" кодексінің 387 бабының 1-1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақкөл ауданының пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығы мөлшерлемесі он есе жоғарылатылсын.
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақкөл аудандық мәслихат сессиясының төрайымы | А.Мананбаева |
| Ақкөл аудандық мәслихат хатшысы | Ж.Салыбекова |
КЕЛІСІЛДІ
| Ақкөл ауданының әкімі | Т.Қ.Едігенов |
| 30 наурыз 2015 жыл | |
|
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік Кірістер комитеті Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақкөл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы"Республикалық мемлекеттік мекеме басшысы |
А.С.Мұстафин |
| 30 наурыз 2015 жыл |
