Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1265 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 ақпанда № 13039 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 282-бабы 7-тармағына "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi туралы Ереженің 15-тармағы 95) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 28.09.2026 № 11-1-4/538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларын бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті (Е.Қ.Хаировқа):

      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электронды түрде жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың

      2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ә. Исекешев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрі

      Е.Ә. Ыдырысов _____________

      2015 жылғы 29 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы

      В.З. Жұмақанов _____________

      2016 жылғы 05 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      Қ.Н. Қасымов _____________

      2015 жылғы 30 желтоқсан



  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1265 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 03.06.2020 № 11-1-4/184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 282-бабы 7-тармағына, "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Заң) 10-бабы 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi туралы Ереженің 15-тармағының 95) тармақшасына сәйкес әзірленген және "Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық визаны алуға өтінішхатты беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 28.09.2026 № 11-1-4/538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) алып тасталды - ҚР Сыртқы істер министрінің 17.05.2021 № 11-1-4/190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2) "цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғандағы шоғырландырылған үкіметтік ақпараттың барлығына, және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін цифрлық жүйе.

      3) Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беруге көрсетілетін қызметті алушы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) – жеке немесе Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген заңды тұлға;

      4) Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға инвесторлық виза алуға өтініш (бұдан әрі - өтініш) - уәкілетті инвестициялық органның Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғаға / тұлғаларға инвестор визасын беру туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің көші-қон қызметіне жазбаша өтініші.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Сыртқы істер министрінің 17.05.2021 № 11-1-4/190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.05.2022 № 11-1-4/243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.04.2025 № 11-1-4/247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.09.2026 № 11-1-4/538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      3. Егер көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға болса, өтінішхатты заңды тұлғаның басшысының, басшысы орынбасарының немесе оның құрылымдық бөлімше басшысының лауазымында жұмыс атқаратын шетел азаматына беріледі.

      Егер көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлға болса, өтінішхат оның атына беріледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 16.06.2026 № 11-1-4/328 (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза беру "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 26.05.2022 № 11-1-4/243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Өтінішхаттарды беру үшін өтінімдерді қарау тәртібі

      5. Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беруге арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) көрсетілетін қызметті алушы Портал арқылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитетіне (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 2-қосымшаның 8-тармағында көзделген құжаттар тізбесімен қоса осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 28.09.2026 № 11-1-4/538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсетуге өтінім көрсетілетін қызметті берушіге келіп түскен сәтте тіркеледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 25.04.2025 № 11-1-4/247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Көрсетілетін қызметті беруші өтінім тіркелген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексереді және осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және мынадай шарттардың бірі болған жағдайда өтініш беру туралы шешім қабылдайды:

      1) жеке тұлғаның өтінім беруге дейінгі соңғы 12 (он екі) айды алғанда 300 (үш жүз) мың АҚШ долларына баламалы немесе одан астам Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар салуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіне мүшелігі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыда Инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған инвестициялық келісімшарттың болуы;

      4) көрсетілетін қызметті алушыда мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметті алушының инвестициялық жобаны Қазақстан Республикасының аумағында іске асырғанын растайтын ұсынымдарының болуы.

      Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген шарт болған кезде өтінішхат 10 (он) жыл мерзімге дейін беріледі.

      Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген шарттардың бірі болған кезде өтінішхат 5 (бес) жыл мерзімге дейін беріледі.

      Осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетілген шарт болған кезде өтінішхат 3 (үш) жыл мерзімге дейін беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтініште және (немесе) құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олар нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 9-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтініштерді цифрлық күту парағы арқылы қабылдайды және (еркін нысанда) тиісті қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттар (оның ішінде түпнұсқалар) көрсетілетін қызметті берушінің сақтауына қабылданбай, көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылуға тиіс, бұған өтініш және (немесе) құжаттар "цифрлық үкімет" веб-порталы, стационарлық абоненттік құрылғы, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар айқындаған өзге де цифрлық объектілер арқылы берілген жағдайлар кірмейді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушыға анықталған кемшіліктерді жою үшін ақылға қонымды мерзім белгіленеді, ол мемлекеттік қызмет көрсетудің жалпы мерзіміне қосылмайды және одан аспауға тиіс.

      Кемшіліктер жойылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы алғаш жүгінген күн мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш және (немесе) құжаттар қабылданған күн болып есептеледі.

      Мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету мерзімінің өтуі анықталған кемшіліктер жойылған кезден бастап қайта басталады.

      Анықталған кемшіліктер белгіленген мерзімде жойылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтініш пен құжаттарды қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға бас тартудың себептерін көрсете отырып, жауап жібереді.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 28.09.2026 № 11-1-4/538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Алып тасталды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 25.04.2025 № 11-1-4/247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9. Алып тасталды - ҚР Сыртқы істер министрінің 17.05.2021 № 11-1-4/190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру порталда жүзеге асырылады – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 17.05.2021 № 11-1-4/190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетілу сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 28.09.2026 № 11-1-4/538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Мемлекеттік қызметтің көрсетілуіне қажетті мәліметтер қамтылған цифрлық жүйе істен шыққан жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде "цифрлық үкіметтің" цифрлық инфрақұрылымның операторын (бұдан әрі – оператор) хабардар етеді.

      Бұл жағдайда оператор осы Қағиданың тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде техникалық проблема туралы еркін нысанда хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті берушімен қол қояды.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Сыртқы істер министрінің 28.09.2026 № 11-1-4/538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаның 10-тармағы негізінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

      Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған жағдайда тыңдау өткізілмейді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 28.09.2026 № 11-1-4/538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібі)

      Ескерту. 3-тарау жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 26.05.2022 № 11-1-4/243 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған Әкімшілік органға, лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы шешім қабылдаса, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын іс-әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.

      15. Көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағым Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы заңының 25-бабы 2-тармағына сәйкес, тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Көрсетілетін қызметті алушыдан шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Сыртқы істер министрінің 28.09.2026 № 11-1-4/538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Егер Қазақстан Республикасының Заңында өзгеше көзделмесе, сотқа шағым жасауға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.


  Қазақстан Республикасының
бейрезиденттері болып
табылатын және
Қазақстан Республикасының
аумағында инвестициялық
қызметті жүзеге асыратын
тұлғалар үшін инвесторлық виза
алуға өтінішхатты
беру қағидаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беруге арналған өтінім

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 25.04.2025 № 11-1-4/247 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


№ 1 нысан
(заңды тұлға үшін)

Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы


Орналасқан жері: заңды мекен-жайы, нақты орналасқан жері


Бизнес сәйкестендіру номері (БСН)


Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының басшысы (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), телефон, факс, электрондық пошта)


Байланыс ақпарат (телефон, факс, электрондық пошта)


Инвестор визасын алуға өтініш берген тұлға (тұлғалар) туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


Туған күні және жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері


Жеке басын куәландыратын құжаттың қолдану мерзімі


Тұрғылықты елде инвестор визасын алуға өтініш берген адамның нақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы


Лауазымы


Байланыс ақпарат (телефон, факс, электрондық пошта)



№ 2 нысан
(жеке тұлға үшін)

Көрсетілетін қызметті алушы жөнінде ақпарат


Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


Туған күні және жері


Азаматтығы


Жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері


Жеке басын куәландыратын құжаттың қолдану мерзімі


Тұрғылықты елде инвестор визасын алуға өтініш берген адамның нақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы


Байланыс ақпарат (телефон, факс, электрондық пошта)


  Қазақстан Республикасының бейрезиденттері болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру қағидаларына
2 қосымша

"Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Сыртқы істер министрінің 28.09.2026 № 11-1-4/538 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Инвестиция комитеті

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

Жоқ

3.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

"цифрлық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал).

4.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

3 (үш) жұмыс күні.

5.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

Электронды (ішінара цифрландырылған).

6.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін инвесторлық виза алуға өтінішхатты беру, немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

7.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және оны Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда алу тәсілдері

Тегін.

8.

Жұмыс
кестесі

1) портал – жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады);
2) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін.

9.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерінің (бар болса)
көрсетілеуі үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) заңды тұлғалар үшін:
инвесторлық виза алуына өтініш білдірген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар электронды көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушы жарғысының мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар электронды көшірмесі;
осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес тұлғаның лауазымын растайтын құжаттың электронды көшірмесі;
инвестициялық жобаға өтінім беру күніне дейінгі соңғы 36 (отыз алты) айда инвестиция салғаны фактісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері ("Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ресімделген бастапқы есепке алу құжаттары;
Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес ресімделген шот-фактуралар;
"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес ресімделген кедендік декларациялар);
көрсетілетін қызметті алушыда мемлекеттік органдардың немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметті алушының инвестициялық жобаны Қазақстан Республикасының аумағында іске асырғанын растайтын ұсынымдары болған жағдайда қосымша ұсынылады;
2) жеке тұлғалар үшін:
инвесторлық визаны алуына өтініш білдірілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар электронды көшірмесі;
көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және өтінім беруге дейінгі соңғы 12 (он екі) айда Қазақстан Республикасының экономикасына 300 (үш жүз) мың АҚШ долларына баламалы не одан астам сомада салынған инвестициялар сомасы көрсетілген инвестиция салу фактісін растайтын құжаттардың көшірмесі (айналымда 10 (он) жылдан астам жүрген эмиссиялық бағалы қағаздарды ұстаушының шотынан үзінді немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама қоса берілген мемлекеттік немесе орыс тілінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар жарғылық капиталды толықтыру жөніндегі жарғыдан үзінді).
Мемлекеттік цифрлық жүйлерде қамтылған жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеуі) туралы мәліметтер "цифрлық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйлерден алынады.

10.

Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздері

1) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметтің көрсетілуі үшін ұсынылған қажетті материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) соттың көрсетілетін қызметті алушыға қатысты мемлекеттік көрсетілетін осы қызметтің алынуын талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) мемлекеттік және әлеуметтік жауапты көрсетілетін қызметтер туралы Заңның 18-2-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген негіз бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуді тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін анықталған кемшіліктердің жойылмауы.

11.

Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктеріне сәйкес өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны: 1414, 8 800 080 7777.

     

  Қазақстан Республикасының
резиденттері болып
табылмайтын және
Қазақстан Республикасының
аумағында инвестициялық
қызметті жүзеге асыратын
тұлғалар үшін инвесторларға
арналған виза беру туралы
өтініш беру қағидасына
3-қосымша

Көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімі

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Сыртқы істер министрінің 17.05.2021 № 11-1-4/190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
резиденттері болып
табылмайтын және
Қазақстан Республикасының
аумағында инвестициялық
қызметті жүзеге асыратын
тұлғалар үшін инвесторларға
арналған виза беру туралы
өтініш беру қағидасына
4-қосымша

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы түбіртек

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Сыртқы істер министрінің 17.05.2021 № 11-1-4/190 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады