Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау туралы ереженi бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/146 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10700 тіркелді.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.09.2026 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 238) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.09.2026 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) мемлекеттік қорғау туралы ереже бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.09.2026 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
міндетің атқарушы
С. Омаров

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрдің
міндетін аткарушы
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-03/146 бұйрығымен
бекітілген

Жануарлар дүниесін (балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда) мемлекеттік қорғау туралы ереже

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.09.2026 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 238) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау (бұдан әрі – жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы басқару, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган құрылымдарында (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұйымдастырылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.09.2026 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың мiндеттерi мен функциялары

      2. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың негiзгi мiндеттерi:

      1) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау және жолын кесу;

      2) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу фактiлерi жөнiндегi ақпаратты, талап-арыздарды және өзге де материалдарды уәкiлеттi, құқық қорғау және сот органдарына жiберу болып табылады.

3. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың ұйымдық құрылымы

      3. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану мәселелерiмен айналысатын жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi мамандандырылған ұйымдардың қызметкерлерiнен тұрады.

      4. Жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғаудың лауазымды тұлғалары: директор, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі инспекторлар болып табылады.

      Жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғауға өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін:

      1) жеке және заңды тұлғалардан аң аулау құқығына арналған құжаттарды тексеруге;

      2) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;

      3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды ұстап, құқық қорғау органдарына жеткізу;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік құралдарын, басқа да объектілер мен орындарды тоқтатуды және тексеруді (қарап тексеруді), ал қажет болған жағдайда – ұсталған адамдарды жеке тексеруді жүргізуге;

      5) жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын және аулау құралдарын, олардың дериваттарын, сондай-ақ тыйым салынған аулау құралдарының түрлерін, заңсыз алынған жануарлар дүниесі объектілерін және олардың тіршілік ету өнімдерін алып қоюға және олардың ары қарайғы тиістілігі туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешуге;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) кию және қызметтік қару алып жүру құқығы беріледі;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен арнайы құралдар мен қызметтік қаруды сақтауға, алып жүруге және қолдануға.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 22.01.2020 № 22 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.09.2026 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
      5. Алып тасталды – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 30.09.2026 № 220 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киiммен (погонсыз) және қызметтiк қарумен қамтамасыз етiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады