Қаратөбе ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 4 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 1 сәуірде № 3463 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қаратөбе аудандық сайлау комиссиясының келісімі бойынша әкімшілік-аумақтық құрылым шекараларының сақталуы ескеріле отырып Қаратөбе ауданының аумағында сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Өмірзақовқа жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін
уақытша атқарушы
Р. Иманғалиев
      КЕЛІСІЛДІ:
Қаратөбе аудандық
сайлау комиссиясының
төрағасы
_____________Х. Есжан
22.02.2014 ж.

  Аудан әкiмiнiң
2014 жылғы 17 наурыздағы
№ 4 шешiмiне қосымша

Қаратөбе ауданының аумағындағы сайлау учаскелері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің 25.06.2020 № 11 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің 23.09.2022 № 19 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 27 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 31.07.2023 № 16 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.09.2024 № 24 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.05.2025 № 6 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.09.2025 № 12 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 26.11.2025 № 17 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

Сайлау учаскелерiнiң нөмiрлерi

Сайлау учаскелерiнiң шекаралары

Орналасқан жері

1

№ 267

Қоржын ауылы, Қосбаз ауылы, Битшағыл, Жеті-қыз, Көлқамыс, Қожанияз, Жұмағали, Сарықұмақ қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Аққозы ауылдық округі, Қоржын ауылы, Құрманғазы көшесі, құрылыс 1, "Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің Аққозы жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

2

№ 270

Аққозы ауылы, Бесоба ауылы, Баекес, Нұржаубаз, Хасанағаш қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Аққозы ауылдық округі, Бесоба ауылы, Бесоба көшесі № 7, "Қаратөбе орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесінің Бесоба ауылдық кітапханасы

3

№ 271

Егіндікөл ауылы, Қоскөл ауылы, Жамансай, Калинин, Тұрғанбай, Сәрсенғали қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылдық округі, Егіндікөл ауылы, Алтынсарин көшесі № 11, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Егіндікөл орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

4

№ 272

Жусандой ауылы, Абуталы, Арпаш, Бекмағанбет, Жабу, Ихсан, Қарасу, Қоңыркөл қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Жусандой ауылдық округі, Жусандой ауылы, Абай көшесі № 1, "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің Жамбыл орта білім беретін мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

5

№ 273

Ханкөл ауылы, Ұмтыл, Тұрым қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Жусандой ауылдық округі, Ханкөл ауылы, Ғ.Құрманғалиев №2Б, "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданы білім беру бөлімінің "Ханкөл жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

6

№ 274

Ақтай ауылы, Жақсыбай қыстағы

Батыс Қазақстан облысы , Қаратөбе ауданы, Қаракөл ауылдық округі, Ақтай ауылы, Қазақстан көшесі, 26 үй, "Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің Қаракөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

7

№ 275

Алакөл ауылы, Тоқсейіт қыстағы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаракөл ауылдық округі, Алакөл ауылы, Алакөл көшесі № 63, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Алакөл негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

8

№ 277

Қаратөбе ауылының № 1, Абай, Айтқожин, Алаш, Алтынсарин, Жұмақаев, Құрманғазы Мәметова, Мұхит, Наурызалин, Сейфуллин, Тоққожин, Ұзақ күйші көшелері

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылдық округі, Қаратөбе ауылы, Датұлы көшесі № 36, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Қажым Жұмалиев атындағы Қаратөбе мектеп – гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

9

№ 278

Қаратөбе ауылының Амангелді, Әубәкіров, Бекимов, Датұлы, Дәулетова, Жамбыл, Жәңгіров, Жұмалиев, Иманов, Исаев, Құрманғалиев, Малабаев, Молдағұлова, Момышұлы, Нысанов көшелері

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылдық округі, Қаратөбе ауылы, Мұхит көшесі № 6, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

10

№ 279

Қоскөл ауылы, Арпаш, Батыс, Боранбай, Қамыстыкөл, Үшаудан қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылдық округі, Қоскөл ауылы, Абай көшесі № 28, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Қоскөл жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

11

№ 280

Шалғын ауылы, Ақбаз, Шұғыла, Шәміш, Қален қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қоскөл ауылдық округі, Шалғын ауылы, Шалғын көшесі № 24, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Шалғын негізгі орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

12

№ 281

Қарақамыс ауылы, Ағалық, Ақбақай, Бернияз, Жолқұдық, Қарақұдық, Мәші, Нияз, Таласқұдық, Түркебай, Тұрмағанбет, Үшкемпір қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Саралжын ауылдық округі, Қарақамыс ауылы, Мұхит көшесі № 26, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Б.Қаратаев атындағы Саралжын жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

13

№ 282

Сәуле ауылы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Саралжын ауылдық округі, Сәуле ауылы, Т.Иманғазиев көшесі, 14 үй, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Жақсыбай негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

14

№ 283

Сулыкөл ауылы, Темірбек ауылы, Дәуеш, Жетімсай қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Сулыкөл ауылдық округі, Сулыкөл ауылы, Жабаев көшесі № 41, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Қалдығайты жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

15

№ 284

Үшана ауылы, Шала, Құрылыс, Қарасай, Көкөгіз, Жанбақ, Жаңабағыт, Шошқалыой қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Сулыкөл ауылдық округі, Үшана ауылы, Үшана көшесі № 1, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Б. Аманшин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

16

№ 285

Төлен ауылы, Айшуақ, Еркебай, Рахпан қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Сулыкөл ауылдық округі, Төлен ауылы, Төлен көшесі № 25, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің "Төлен негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

17

№ 287

Шөптікөл ауылы, Ақайдар, Ақкөл, Бесоба қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылдық округі, Шөптікөл ауылы, Қаратөбе көшесі № 2, "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің Шөптікөл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

18

№ 288

Үшағаш ауылы, Ашыкөл, Ортатөбе қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылдық округі, Үшағаш ауылы, Үшағаш көшесі, № 106 үй, Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Үшағаш негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

19

№ 289

Соналы ауылы, Қолқұдық, Тереңқұдық қыстақтары

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Қаратөбе ауылдық округі, Соналы ауылы, Соналы көшесі № 1А, "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Қаратөбе ауданының білім беру бөлімінің Соналы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады