РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 16.04.2015 № 106 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Осы қаулының 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Ауелбековке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Кентау қаласының әкімі | Ә.Мақұлбаев |
| Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 5 мамырдағы № 175 қаулысына 1 қосымша |
Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттік бiлiм беру тапсырысы
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 16.04.2015 № 106 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).| № | Қала атауы | Мектепке дейiнгi мекемелердегi орын саны | Оның iшiнде | |
| республикалық бюджет есебiнен | жергiлiктi бюджет есебiнен | |||
| 1 | Кентау қаласы | 4275 | 2635 | 1640 |
| Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 5 мамырдағы № 175 қаулысына 2 қосымша |
Жан басына шағып қаржыландырудың мөлшерi
| Айына бiр тәрбиеленушiге кететiн орташа шығыс, теңге | |
| Бөбекжай-балабақша | Мектеп жанындағы шағын орталық |
| 19401,80 | 12122,40 |
| Кентау қаласы әкiмдiгiнiң 2014 жылғы 5 мамырдағы № 175 қаулысына 3 қосымша |
Ата-ананың ақы төлеу мөлшерi
| Барлығы | Күнiне бiр баланың тамағына шығын, теңге (көп емес) | Айына бiр баланың тамағына шығын, теңге (көп емес) |
| 357,00 | 7497,00 |
Ескертпе: Айына бiр балаға тамаққа кететiн шығын 21 күнге есептелген.
