Павлодар облысының әкімдігі
2014 ж. "5" маусым № 191/6
Павлодар қаласы
Ақсу қаласының әкімдігі
2014 ж. "5" маусым № 477/3
Ақсу қаласы
Ақтоғай ауданының әкімдігі
2014 ж. "5" маусым № 152
Ақтоғай ауылы
Баянауыл ауданының әкімдігі
2014 ж. "5" № 174/6а
Баянауыл ауылы
Екібастұз қаласының әкімдігі
2014 ж. "5" маусым № 612-1/6
Екібастұз қаласы
Ертіс ауданының әкімдігі
2014 ж. "5" маусым № 178/5/1
Ертіс ауылы
Железин ауданының әкімдігі
2014 ж. "5" маусым № 204/6
Железинка ауылы
Качир ауданының әкімдігі
2014 ж. "5" маусым № 195/6
Тереңкөл ауылы
Лебяжі ауданының әкімдігі
2014 ж. "5" маусым № 200/6
Аққу ауылы
Май ауданының әкімдігі
2014 ж. "5" № 179/6-1
Көктөбе ауылы
Павлодар ауданының әкімдігі
2014 ж. "5" маусым № 384/6
Павлодар қаласы
Успен ауданының әкімдігі
2014 ж. "5" маусым № 185/6
Успенка ауылы
Шарбақты ауданының әкімдігі
2014 ж. "5" маусым № 197/12
Шарбақты ауылы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 234/НҚ бұйрығымен бекітілген Тірек ауылдық елді мекендерді анықтау әдістемесінің 8-тармағына сәйкес Павлодар облысының, Ақсу, Екібастұз қалаларының, Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Железин, Качиры, Лебяжі, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарының әкімдіктері ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысының тірек ауылдық елді мекендерінің келесі тізбесі анықталсын:
1) Ақтоғай ауданы Қараоба ауылдық округінің Қараоба ауылы;
2) Баянауыл ауданы Майқайың кенттік әкімшілігінің Майқайың кенті;
3) Ертіс ауданы Ағашорын ауылдық округінің Ағашорын ауылы;
4) Ертіс ауданы Абай ауылдық округінің Голубовка ауылы;
5) Ертіс ауданы Северный ауылдық округінің Северный ауылы;
6) Железин ауданы Башмачное ауылдық округінің Башмачное ауылы;
7) Железин ауданы Қазақстан ауылдық округінің Жаңа жұлдыз ауылы;
8) Железин ауданы Михайловка ауылдық округінің Михайловка ауылы;
9) Качир ауданы Байқоныс ауылдық округінің Байқоныс ауылы;
10) Качир ауданы Бобровка ауылдық округінің Жаңабет ауылы;
11) Качир ауданы Федоровка ауылдық округінің Федоровка ауылы;
12) Лебяжі ауданы Шарбақты ауылдық округінің Шарбақты ауылы;
13) Лебяжі ауданы Ямышев ауылдық округінің Ямышев ауылы;
14) Май ауданы Баскөл ауылдық округінің Баскөл ауылы;
15) Май ауданы Қаратерек ауылдық округінің Қаратерек ауылы;
16) Павлодар ауданы Красноармейка ауылдық округінің Красноармейка ауылы;
17) Павлодар ауданы Луганск ауылдық округінің Луганск ауылы;
18) Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің Набережное ауылы;
19) Успен ауданы Равнополь ауылдық округінің Константинов ауылы;
20) Успен ауданы Қоңыр Өзек ауылдық округінің Қоңыр Өзек ауылы;
21) Успен ауданы Лозовое ауылдық округінің Лозовое ауылы;
22) Шарбақты ауданы Александровка ауылдық округінің Александровка ауылы;
23) Шарбақты ауданы Хмельницкий ауылдық округінің Хмельницкий ауылы;
24) Шарбақты ауданы Шалдай ауылдық округінің Шалдай ауылы;
25) Ақсу қаласы ауылдық аймағы Евгеньевка ауылдық округінің Евгеньевка ауылы;
26) Ақсу қаласы ауылдық аймағы Қалқаман ауылдық округінің Қалқаман ауылы;
27) Ақсу қаласы ауылдық аймағы Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар ауылы;
28) Екібастұз қаласы ауылдық аймағы Ақкөл ауылдық округінің Ақкөл ауылы;
29) Екібастұз қаласы ауылдық аймағының Әлкей Марғұлан атындағы ауылы;
30) Екібастұз қаласы ауылдық аймағының Шиқылдақ ауылы;
31) Екібастұз қаласы ауылдық аймағы Екібастұз ауылдық округінің Төртүй ауылы.
2. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Павлодар облысының әкімі | Қ. Бозымбаев |
| Ақсу қаласы әкімінің | |
| міндетін атқарушы | Б. Ыбыраев |
| Ақтоғай ауданының әкімі | М. Сейітахметов |
| Баянауыл ауданының әкімі | Е. Айткенов |
| Екібастұз қаласының әкімі | А. Вербняк |
| Ертіс ауданының әкімі | Н. Пішенбаев |
| Железин ауданының әкімі | Қ. Әбушахманов |
| Качир ауданының әкімі | Н. Күлжан |
| Лебяжі ауданының әкімі | А. Құрманова |
| Май ауданының әкімі | А. Жармағамбетов |
| Павлодар ауданының әкімі | Н. Әутәліпов |
| Успен ауданының әкімі | Б. Демеуов |
| Шарбақты ауданының әкімі | Е. Асқаров |
