Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Аманкелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2013 жылғы 28 желтоқсандағы №195 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4418 тіркелген, 2014 жылғы 7 ақпанда "Аманкелді арайы" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тұрмыстық қажеттіліктерге, 10 айлық есептік есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Кезектен тыс | |
| сессия төрағасы | А. Ташимов |
| Аудандық | |
| мәслихат хатшысы | Ә. Саматов |
КЕЛІСІЛДІ:
"Амангелді ауданы
әкімдігінің жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_________________ М. Тобағабулов
"Амангелді ауданы әкімдігінің
экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімі" коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________________ М. Сакетов
