"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 24 мамырдағы № 911 "Қостанай қаласының аумағында көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-150 тіркелген, 2010 жылғы 13 шілдеде "Қостанай" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-қосымшасында 46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Генерал Арыстанбеков көшесі, Воинов-Интернационалистов және Чкалов көшелерінің шекарасында, жұп жағы";
2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Әкім | А. Ахметжанов |
