Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiнiң 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Шахтинск қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрайымы | С. Суханова |
| Мәслихат хатшысы | Ә. Сатова |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Шахтинск қаласының
тұрғын үй - коммуналдық
шаруашылық, жолаушылар
көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі" мемлекеттік
мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
Т. Перова
2014 жылғы 23 желтоқсан
| | Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 1093/32 шешiмiмен |
Шахтинск қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары
| № | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектiлер | Есептік бірлік | Жылына 1 есептік бірлікке келетін текше метр нормасы |
| 1 | Абаттандырылған үй иелігі | 1 тұрғын | 1,98 |
| 2 | Абаттандырылмаған үй иелігі | 1 тұрғын | 2,63 |
| 3 | Мектептер, орта оқу орындары, жоғарғы оқу орындары | 1 оқушы | 0,71 |
| 4 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері | 1 орын | 1,35 |
| 5 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,68 |
| 6 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 1,32 |
| 7 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,47 |
| 8 | Емханалар | 1 бару | 0,01 |
| 9 | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек- орын | 2,1 |
| 10 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отырғызу орыны | 1,65 |
| 11 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы | 1 отырғызу орыны | 0,35 |
| 12 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,06 |
| 13 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,093 |
| 14 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,090 |
| 15 | Азық-түлік дүкендері | сауда ауданының 1шаршы метрі | 1,32 |
| 16 | Машиналардан сату | сауда орынының 1шаршы метрі | 0,32 |
| 17 | Өнеркәсіптік тауарлық дүкендер, супермаркеттер | сауда ауданының 1шаршы метрі | 0,76 |
| 18 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда ауданының 1шаршы метрі | 0,36 |
| 19 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,46 |
| 20 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,39 |
| 21 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,66 |
| 22 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 2,57 |
| 23 | Жағажайлар | жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 1,56 |
| 24 | Дәріханалар | сауда ауданының 1 шаршы метрі | 0,59 |
| 25 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильге жанар май құю станциялары, гараждар | 1 машина - орыны | 2,4 |
| 26 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 2,56 |
| 27 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0,3 |
| 28 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орыны | 1,15 |
| 29 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,73 |
| 30 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 1,25 |
| 31 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары | 1 жұмыс орыны | 0,8 |
| 32 | Моншалар, сауналар | жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,75 |
| 33 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0,65 |
| 34 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 3,15 |
Ескерту: қатты тұрмыстық қалдықтардың орташа тығыздығы - 166 кг/м3
