Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Балқаш қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары бекітілсін.
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледi.
| Сессия төрағасы | Қ. Касимова |
| Қалалық мәслихаттың хатшысы | Қ. Рахимберлина |
| Қалалық мәслихаттың 2014 жылғы 28 наурыздағы № 26/210 шешімімен бекітілген |
Балқаш қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың
пайда болу және жинақталу нормалары
| № | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер | Есептік бірлік | Жылына 1 есептік бірлікке келетін текше метр нормасы |
| 1 | Жайлы үйлер | 1 тұрғын | 1,40 |
| 2 | Жайлы емес үйлер | 1 тұрғын | 1,60 |
| 3 | Мектептер, орта оқу орындары, жоғарғы оқу орындары | 1 оқушы | 0,34 |
| 4 | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері | 1 орын | 1,09 |
| 5 | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 0,78 |
| 6 | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,53 |
| 7 | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,16 |
| 8 | Емханалар | 1 бару | 0,02 |
| 9 | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері | 1 төсек - орын | 1,66 |
| 10 | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отырғызу орны | 2,03 |
| 11 | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойын автоматтарының залы | 1 отырғызу орны | 0,31 |
| 12 | Мұражайлар, көрмелер | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,03 |
| 13 | Спорт, би және ойын залдары | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,09 |
| 14 | Стадиондар, спорт алаңдары | жоба бойынша 1 орын | 0,012 |
| 15 | Азық-түлік дүкендері | сауда алаңы 1 шаршы метр | 0,35 |
| 16 | Машиналардан сату | сауда орны 1 шаршы метр | 0,04 |
| 17 | Өнеркәсіптік тауарлық дүкендер, супермаркеттер | сауда алаңы 1 шаршы метр | 0,55 |
| 18 | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | сауда алаңы 1 шаршы метр | 0,64 |
| 19 | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,33 |
| 20 | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,42 |
| 21 | Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,65 |
| 22 | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,63 |
| 23 | Жағажайлар | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,04 |
| 24 | Дәріханалар | сауда алаңы 1 шаршы метр | 0,41 |
| 25 | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильге жанар май құю станциясы, гараждар | 1 машина-орын | 1,58 |
| 26 | Автомобиль шеберханалары | 1 жұмысшы | 1,85 |
| 27 | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0,45 |
| 28 | Шаштараздар, косметикалық салондар | 1 жұмыс орны | 1,45 |
| 29 | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,54 |
| 30 | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 1,27 |
| 31 | Жөндеу және қызмет көрсету орындары | 1 жұмыс орны | 0,07 |
| 32 | Моншалар, сауналар | жалпы алаңы 1 шаршы метр | 0,94 |
| 33 | Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар | 1000 қатысушы | 0,004 |
| 34 | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 1,37 |
