Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 87) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөнiндегi қағидалар бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. "Білім және (немесе) біліктілік туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастыру және олармен білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету, олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 280 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7094 тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2011 жылғы 24 қыркүйектегі № 453-456 (26849) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | Т. Балықбаев |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 12 желтоқсандағы № 519 бұйрығымен бекітілген |
Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөнiндегi қағидалар
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.10.2023 № 309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөнiндегi қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 87) тармақшасына сәйкес әзірленген.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидалар бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі (бұдан әрі – Министрлік), облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармалары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармаларына есеп беретін және олардың бақылауындағы аудандарда, қалаларда немесе облыстық және республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аудандарда орналасқан білім бөлімдері (бұдан әрі – Білім беруді басқару органы) Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасымен (бұдан әрі – Банкнот фабрикасы) білім беру туралы жиынтық өтінім көлемінде мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарының талаптарына сәйкес (типтік үлгісі, түсі, қорғау дәрежесі, қағаздың сапасы) бланкілерді дайындау бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт жасасады.
Бланкілерді дайындау тәртібі мен мерзімі, жеткізу және қабылдау, сондай-ақ міндеттемелерді тиісті орындау жауапкершілігі Министрлік пен Банкнот фабрикасы, Білім басқармасы мен Банкнот фабрикасы арасында жасалатын шартта қарастырылады.
4. Министрлік бланкінің әрбір түрі үшін бірыңғай сериясын белгілейді, Банкнот фабрикасы реттік нөмірлеуді анықтайды.
5. Білім беру ұйымдарына бланкілер тегін беріледі, төлем ақысы Министрлік пен Банкнот фабрикасы, Білім беруді басқару органы мен Банкнот фабрикасы арасында жасалған бланкілерді дайындау бойынша қызмет көрсетуге арналған шартта белгіленеді.
2-тарау. Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету тәртібі
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6. Негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары Білім беруді басқару органына, ал республикалық білім беру ұйымдары Министрлікке:
ағымдағы жылдың 10 сәуірінен кешіктірмей Білім беруді басқару органының немесе Министрліктің бюджеттік өтінімін қалыптастыру үшін болжамды үш жылдық оқу кезеңіне арналған бланкілерге қажеттілікті;
ағымдағы жылдың 10 қазанынан кешіктірмей Министрлік пен Банкнот фабрикасы, Білім беруді басқару органы мен Банкнот фабрикасы арасында шарт жасауы үшін бір оқу жылына арналған бланкілерге өтінім ұсынады.
Бланкілерді толық пайдаланып, жыл бойында бланкілерге қосымша қажеттілік пайда болған жағдайда білім беру ұйымдары Білім беруді басқару органына немесе Министрлікке бланкілердің қажетті санын көрсете отырып, қосымша өтінім жолдайды.
7. Өтінім екі данада жасалады, білім беру ұйымы басшысының қолы қойылып, білім беру ұйымының мөрімен бекітіледі. Өтінімнің бір данасы Білім беруді басқару органыне немесе Министрлікке жіберіледі, екіншісі білім беру ұйымында қалады.
8. Білім беруді басқару органы, Министрлік өтінімді жасау кезінде алдағы жылдың қажеттіліктерінің көбею мүмкіндігін ескереді және бланкінің әр түрі бойынша қажеттіліктің өтінім берілген санынан 10 пайыздық қорын қарастырады.
9. Білім беруді басқару органы және Министрлік Банкнот фабрикасына шарт жасау үшін саны, типтік үлгілері және басқа да мәліметтер көрсетілген ілеспе құжаттармен бірге жиынтық өтінімді жібереді.
10. Банкнот фабрикасынан бланкілерді алу, оларды есепке алу, сақтау білім беруді басқару органымен, республикалық білім беру ұйымдарымен жүзеге асырылады.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Білім беруді басқару органы, республикалық білім беру ұйымдары Банкноттық фабрикадан бланкілерді алу, есепке алу, сақтау, білім беру ұйымдарына беруді жүзеге асыру үшін материалдық жауапты тұлға (бұдан әрі - материалдық жауапты тұлға) ретінде қызметкерді анықтайды.
Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Білім беру ұйымдарының басшылары тағайындау және бланкілерді есепке алу, сақтау және беру жұмысын жүзеге асыру туралы, сондай-ақ, білім беру ұйымының атынан жауапты лауазымды тұлғаны тағайындау туралы бұйрық шығарады.
13. Білім беру ұйымдарында бланкілерді қабылдауды, сақтауды, беру мен есептен шығаруды ұйымдастыру мақсатында құрамы бес адамнан тұратын, білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілетін тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылады.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Білім беруді басқару органының материалдық жауапты тұлғасы білім беру ұйымы берген сенімхат негізінде ұсынылған өтінім мен жүкқұжатқа сәйкес білім беру ұйымының жауапты лауазымды тұлғасына бланкілерді беруді жүзеге асырады.
15. Сенімхаттар, білім беру ұйымдарының бланкінің берілуі туралы жүкқұжаттары есеп құжаттары болып табылады және материалдық жауапты тұлғада сақталады.
16. Бланкілер өртенбейтін сейфтерде, темір шкафтарда немесе шектеу мерзімдерінсіз бланкілердің сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған бөлмелерде сақталады.
3-тарау. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар бланкілерінің пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру
Ескерту. 3-тарау алып тасталды – ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.04.2025 № 98 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.