1. Шалқар ауданы Мөңке би селолық округінің әкімінің 2009 жылғы 20 мамырдағы № 3 "Көшелерге атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-111санымен тіркелген, 2009 жылдың 24 маусымында аудандық "Шалқар" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабына сәйкес және Мөңке би ауылдық округі Мөңке би ауылының халқының пiкiрiн ескере отырып, Шалқар ауданы Мөңке би ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ";
шешімнің бүкіл мәтіні бойынша "селолық" сөзі "ауылдық" сөзімен ауыстырылсын.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді – Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылдық округі әкімінің 14.04.2015 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күндізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мөңке би ауылдық округінің әкімі | Ж. Тлеубергенов |
