Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының орынбасарының 2014 жылғы 27 мамырдағы № 5-2/289 санды ұсынысы негізінде, Благодар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Благодар ауылдық округінің Өлке ауылы аумағына, мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау Ақтөбе қаласының Благодар ауылдық округі әкімінің орынбасары Ә.Жұмақұловаға жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Благодар ауылдық округінің әкімі | Б. Дарин |
