РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Астрахан аудандық маслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Астрахан ауданының Астрахан селосы мен ауылдық мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері 1, 2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Астрахан аудандық маслихатының сессия төрағасы |
Е.Құрманов |
|
Астрахан аудандық маслихатының хатшысы |
В.Собеский |
КЕЛІСІЛДІ
| Астрахан ауданының әкімі | Т.Ерсеиітов |
| Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы № 5С-27-3 шешіміне 1 қосымша |
Астрахан ауданының Астрахан селосындағы бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
| Аймақ № | Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері | Аймақтардың шекаралары |
| I | 1.9 | Астрахан селосының орталық бөлігін алып жатыр. Аймақтың шекарасы солтүстік жағынан - Мұхтар Әуезов көшесі, шығыс жағынан – Абылайхан көшесі, оңтүстік жағынан – Ыбырай Алтынсарин көшесі, батыс жағынан – Интернациональный тұйық көшесі арқылы өтеді. |
| II | 1.8 | Астрахан селосының орталық бөлігін алып жатыр. Аймақтың шекарасы солтүстік жағында Мұхтар Әуезов көшесінің бойымен өтіп, Мир, Әл-Фараби көшелеріне бұрылады, шығыс шекарасы Сейфуллин көшесі, оңтүстік шекара – Бостандық көшесімен өтіп, Панфилов және Ыбырай Алтынсарин көшелеріне бұрылады, батыс шекарасы – Абылайхан көшесінің бойымен өтеді. |
| III | 1.5 | Астрахан селосының солтүстік–шығыс бөлігінде орналасқан. Аймақтың шекарасы солтүстік жағында Астрахан селосынының нақты шекарасы бойымен өтеді, шығыс жағында – Сейфуллин көшесі, оңтүстік жағында – Әл-Фараби көшесімен өтіп, Мир және Мұхтар Әуезов көшелеріне бұрылады. Батыс жақ бөлігінде шекара Абылайхан көшесінің бойымен өтеді. |
| IV | 1.5 | Астрахан селосының солтүстік–батыс бөлігінде орналасқан. Аймақтың шекарасы солтүстік және солтүстік–батыс жағынан Астрахан селосының нақты шекарасы, шығыс жағынан – Абылайхан көшесі бойымен өтіп, Мұхтар Әуезов көшесі және Интернациональный тұйық көшесіне бұрылады, одан ары шығыс бағытта Ыбырай Алтынсарин көшесіне, оңтүстігінде – орман алқабы бойымен Есіл өзенінің жағалауына дейін жетеді, оңтүстік және батыс жағынан шекара Есіл өзенінің бойымен өтеді. |
| V | 1.4 | Астрахан селосының оңтүстік бөлігінде орналасқан. Аймақтың шекарасы солтүстік жағында Ыбырай Алтынсарин көшесімен өтіп, Панфилов, Бостандық көшелеріне бұрылады, шығыс жағынан – Сейфуллин, оңтүстік және батыс жағында Астрахан селосының нақты шекарасы және Есіл өзенінің бойымен өтеді. |
| VI-1 | 1,0 | Село шекарасының солтүстігіне қарай, құрылыс жүріп жатқан бөлігінен жоғарырақ орналасқан және бас жоспар бойынша келешекте Астрахан селосының даму көзі болып белгіленген. |
| VI-2 | 1,0 | Селоның оңтүстік бөлігінде, құрылыс жүріп жатқан төменгі жағында орналасқан және бас жоспар бойынша келешекте Астрахан селосының даму аймағы болып көзделіп отыр. |
| Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 наурыздағы № 5С-27-3 шешіміне 2 қосымша |
Астрахан ауданының ауылдық елді мекендеріндегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері
| Аймақ № | Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері | Аймаққа енетін ауылдық елді мекендердің атауы (ауылдық округтер бойынша) |
| I | 1,80 | Жалтыр селосы, Жалтыр ауылдық округі |
| Новочеркасск селосы, Новочеркасск ауылдық округі | ||
| Старый Колутон селосы, Старый Колутон ауылдық округі | ||
| ІІ | 1,41 | Зеленое селосы, Есіл ауылдық округі |
| Петровка селосы, Николаев ауылдық округі | ||
| Жаңатұрмыс селосы, Қызылжар ауылдық округі | ||
| Жарсуат селосы, Жарсуат ауылдық округі | ||
| Өндіріс селосы, Новочеркасск ауылдық округі | ||
| Первомайка селосы, Первомай ауылдық округі | ||
| Колутон станциясы, Колутон ауылдық округі | ||
| III | 1,04 | Ақбейіт селосы, Жалтыр ауылдық округі |
| Новый Колутон селосы, Острогор ауылдық округі | ||
| Қоскөл селосы, Старый Колутон ауылдық округі | ||
| Приишимка селосы, Новочеркасск ауылдық округі | ||
| Жаңабірлік селосы, Астрахан ауылдық округі | ||
| Таволжанка селосы, Астрахан ауылдық округі | ||
| Ягодное селосы, Жарсуат ауылдық округі | ||
| Акимовка селосы, Қызылжар ауылдық округі | ||
| Оксановка селосы, Қызылжар ауылдық округі | ||
| Жамбыл селосы, Николаев ауылдық округі | ||
| Өрнек селосы, Николаев ауылдық округі | ||
| Лозовое селосы, Первомай ауылдық округі | ||
| Камышенка селосы, Первомай ауылдық округі | ||
| Зареченка селосы, Старый Колутон ауылдық округі | ||
| Ковыленка селосы, Старый Колутон ауылдық округі | ||
| Бірлік селосы, Колутон ауылдық округі | ||
| Қаракөл ауылы, Острогор ауылдық округі | ||
| IV | 0,66 | Степное селосы, Бесбидайық ауылдық округі |
| Шілікті селосы, Есіл ауылдық округі | ||
| Каменка селосы | ||
| Бесбидайық селосы, Бесбидайық ауылдық округі | ||
| Ұзынкөл селосы, Ұзынкөл ауылдық округі | ||
| Алғабас селосы, Ұзынкөл ауылдық округі | ||
| Бұлақты селосы, Ұзынкөл ауылдық округі | ||
| Қайнар селосы, Ұзынкөл ауылдық округі | ||
| Жалтыр селосының өзге де қоныс (бұрынғы Астраханка станциясы), Жалтыр ауылдық округі | ||
| Қайнар селосының өзге де қоныс (бұрынғы Луговое селосы), Ұзынкөл ауылдық округі | ||
| Қайнар селосының өзге де қоныс (бұрынғы Қаратүбек селосы), Ұзынкөл ауылдық округі |
