Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12–тармағына сәйкес, Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2013 жылға субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Е.З. Балжақаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 20 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
Аудан әкімі | А. Шәмшиев |
Әкімдіктің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 80 қаулысына қосымша |
2013 жылға субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері
№ | Cубсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы | Субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарының әрбір түрі бойынша оңтайлы себу мерзімдері | Субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдері |
1 | Жазғы бидай, сұлы | 15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін | 20 мамырдан бастап 5 маусымға дейін |
2 | Арпа, тары | 15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін | 20 мамырдан бастап 5 маусымға дейін |
3 | Қарақұмық, дәнді-бұршақ тұқымдас дақылдар | 15 мамырдан бастап 5 маусымға дейін | 20 мамырдан бастап 5 маусымға дейін |
4 | Майлы дақылдар | 15 мамырдан бастап 30 мамырға дейін | 20 мамырдан бастап 5 маусымға дейін |
5 | Жемшөп дақылдары | 15 мамырдан бастап 10 маусымға дейін | 20 мамырдан бастап 5 маусымға дейін |
6 | Бірінші, екінші және үшінші өсу жылдарындағы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер | бірінші мерзім 1 мамырдан бастап 31 мамырға дейін, екінші мерзім 5 шілдеден бастап 10 қыркүйекке дейін | 20 мамырдан бастап 5 маусымға дейін |
7 | Шабындық жерлерді шалғындыру үшін егілген көпжылдық шөптер | бірінші мерзім 1 мамырдан бастап 31 мамырға дейін, екінші мерзім 5 шілдеден бастап 10 қыркүйекке дейін | 20 мамырдан бастап 5 маусымға дейін |
8 | Сүрлемдік жүгері мен күнбағыс | 15 мамырдан бастап 31 мамырға дейін | 20 мамырдан бастап 5 маусымға дейін |
9 | Картоп | 10 мамырдан бастап 5 маусымға дейін | 20 мамырдан бастап 5 маусымға дейін |
10 | Көкөністер | 25 сәуірден бастап 10 маусымға дейін | 20 мамырдан бастап 5 маусымға дейін |