Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың 2013 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 634 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 18 қаңтарда № 3991 тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың 2013 жылға арналған қосымша тізбесі белгіленсін:

      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдардың бітірушілер;

      үш ай және одан астам жұмыс істемеген жұмыссыз адамдар;

      бұрын жұмыс істемеген жұмыссыздар (еңбек өтілі жоқ);

      қырық бес жастан асқан жұмыссыздар;

      маусымдық және уақытша жұмыстардың мерзімі аяқталуына байланысты жұмыстан босатылған жұмыссыздар;

      уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби даярлықты және (немесе) қайта даярлықты, біліктілігін арттыруды аяқтаған жұмыссыздар;

      жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.

      2. "Халықтың нысаналы тобына жататын тұлғалардың 2012 жылға арналған қосымша тізбесін белгілеу туралы" әкімдіктің 2011 жылғы 08 желтоқсанындағы № 557 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-3-157 тіркелген, 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 2 (388) "Арқалық хабары" газетінде жарияланған) күші жойылды деп есептелсін.

      3. Қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Ж. Мәметеқовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

Арқалық қаласының әкімі

Б. Әбдіғалиұлы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады