Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 4 тармағына сәйкес, Мәртөк аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аудандық мәслихаттың "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін білім беру, мәдениет және әлеуметтік қамсыздандыру мамандарына үстем ақы белгіленуі туралы" 2008 жылғы 28 наурыздағы № 39 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-51, 2008 жылғы 23 сәуірде "Мәртөк тынысы" газетінің № 18 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1 тармақта "және білім беру" деген сөздер ", білім беру және ветеринария" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы | Ә. Әлмұхамбетов |
| Аудандық мәслихат хатшысы | А. Смағұлов |
