Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңы 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысының әкімдігінің 13.12.2013 № 406 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы" ММ (Жұмабаева З.Ж.) аталмыш қаулыны Басқарманың ғаламтор-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |
| Ақтөбе облысы әкімдігінің 03.09.2012 жылғы № 315 қаулысына қосымша |
Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуы
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облысының әкімдігінің 18.07.2019 № 273 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - Ақтөбе облысы әкімдігінің 16.10.2023 № 276 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Орналасқан жері | Заңды мекенжайы |
Ақтөбе қаласы | ||
1 | "Нұрдаулет" сауда үйі | Әбілқайыр хан даңғылы, № 46 үй |
2 | алып тасталды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 16.10.2023 № 276 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). | |
3 | "Планета знаний" дүкені | Әбілқайыр хан даңғылы, № 79 үй, № 1 пәтер |
4 | "Электрон" дүкені | Әбілқайыр хан даңғылы, № 32 үй |
5 | "Жилгородской" базары | Бейбітшілік даңғылы, № 7 үй |
6 | "Әнуар" базары | Ш. Қалдаяқов көшесі, № 26 а үй |
7 | "Нектар" сауда үйі | 11 мөлтек ауданы, Н. Шәйкенов көшесі, № 86 үй |
8 | алып тасталды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 16.10.2023 № 276 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). | |
8-1 | "Асыл" сауда үйі | Ж. Досмұхамедұлы көшесі, 25-үй |
Алға ауданы | ||
9 | алып тасталды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 16.10.2023 № 276 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). | |
Хромтау ауданы | ||
10 | "Кәусар" дүкені | Хромтау қаласы, М. Әуезов көшесі, 1-үй |
Байғанин ауданы | ||
11 | алып тасталды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 16.10.2023 № 276 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). | |
Мұғалжар ауданы | ||
12 | алып тасталды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 16.10.2023 № 276 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). | |
Темір ауданы | ||
13 | Аудандық "Досжан ишан" мешіті жанындағы "Мұсылман тауарлары" сауда нүктесі | Шұбарқұдық ауылы, Н. Байғанин көшесі, № 27 үй |
Қобда ауданы | ||
14 | алып тасталды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 16.10.2023 № 276 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). | |
Шалқар ауданы | ||
15 | "Сұңқар" сауда үйі | Шалқар қаласы, Әйтеке би көшесі, № 6 үй |
