РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2012.06.27 N 59 шешімімен (қолданысқа алғаш ресми жарияланған күннен бастап енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99 Кодексінің 422-бабының 2-тармағын, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңын басшылыққа ала отырып аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
1. Сырдария ауданы бойынша бекітілген базалық ставкалар шегінде айына салық салу объектісінің бірлігіне бірыңғай тіркелген салық ставкалары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2012.06.27 N 59 шешімімен (қолданысқа алғаш ресми жарияланған күннен бастап енгізіледі).
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Аудандық мәслихаттың кезектен | |
| тыс ХХХХІІ сессиясының төрағасы | Р. Есенов |
| Аудандық мәслихаттың хатшысы | А. Атақаев |
| "Келісілді" | |
| Қазақстан Республикасы | |
| Қаржы Министрлігі Салық | |
| Комитетінің Қызылорда | |
| облысы бойынша Салық | |
| департаментінің Сырдария | |
| ауданы бойынша Салық | |
| басқармасының бастығы | |
| _____________Ф. Қожабергенов | |
| 30 қараша 2011 жыл |
Ескерту. Келісу таңбасына өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2012.03.20 N 36 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
| 2011 жылғы "30" қарашадағы Сырдария аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХІІ сессиясының N 361 шешіміне 1-қосымша |
