Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы негізінде Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әкімдіктің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 74 "2010 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысының тізбесіне (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 9-3-123) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
2010 жылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың, толық емес жұмыс уақыты режимінде жұмыспен қамтылған қызметкерлердің еңбек ақысы мөлшерінің, ұйымдардың, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемінің бекітілген тізбесі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Р.С. Жақыповаға жүктелсін.
3. Қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Т. Төлеубаев |
Әкімдіктің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 74 қаулысымен бекітілген Арқалық қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 29 маусымдағы № 279 қаулысына қосымша |
2010 жылғы қоғамдық жұмыстарға қатысатын
жұмыссыздардың, толық емес жұмыс уақыты режимінде
жұмыспен қамтылған қызметкерлердің еңбек ақысы мөлшерінің, ұйымдардың, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемінің тізбесі
№ | Үйымдардың атауы | Қоғамдық жұмыстардың түрлері | Қоғамдық жұмыстардың көлемі, сағатпен | Еңбек ақы төлеу |
1 | Қостанай облысы Арқалық қаласы әкімдігінің "Арқалық жылу- энергетикалық компаниясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 1) су өткізу желілерінің құдықтарын лайдан, қоқыстан тазартуға қатысу | 4580 | ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері |
2) техникалық тұздарды түсіруге және тасымалдауға қатысу, ұяларды тазарту. | 4500 | |||
3) қазандықтарды бұзып қаптағаннан кейін кірпіштерді сұрыптап, сылақтан тазартуға қатысу. | 2720 | |||
4) жылу-электр орталығының, су тазарту құралдарының, канализациялық сорғы станциялары аудандарының шөбін, түбірлерді, қамысты шабу, қардан тазарту. | 3917 | |||
5) су тазарту құралдарын тазартуға қатысу. | 1020 | |||
2 | Арқалық қаласы әкімдігінің "Шаруашылық-А" коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 1) аумақты жинастыру | 10080 | ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері |
3 | Арқалық қаласы әкімдігінің "Іскер" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 1) Қайырбеков 44, 54, 56, 58, 76; Абай 70, 100, 106; Маясова 29, 31, 31а, 38, 40; Жәнібек 83, 85, 90, 90а, 104/1; Байтұрсынов 10, 17, 21, 23; Демченко 25, 27; Горбачев 35, 45; Майкөтов 18 көшелері үй астыларындағы қоқысты жинау. | 6880 | ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері |
2) № 1, 2, 3, 4–учаскелер алдындағы аумақты тазарту (асфальт жолдарын, ауладағы тротуарларды) қардан, батпақтан, саздан тазарту, қураған ағаштарды кесу, аумақтағы түбірлерді шабу, ағаштарды ағарту, балалар алаңшаларын тазарту. | 18480 | |||
4 | Арқалық қаласы әкімиятының "Арқалық қалалық теледидары мен радиосы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 1) аумақты жинастыру | 1054 | ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері |
5 | Арқалық қаласы әкімдігінің "Арқалықтың азық-түлік компаниясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 1) аумақты жинастыру | 6720 | ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері |
6 | "Арқалық қаласының дене және спорт бөлімінің "Жігер стадионы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны | 1) хоккей алаңшасын және мұз айдынын тазартуға қатысу. | 4032 | ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері |
7 | Арқалық қаласы әкімдігінің "Тазарту" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 1) аялдамаларды, тротуарларды қардан тазарту және асфальт-бетон жабындысының жиегін қардан күрекпен тазарту. | 13760 | ең төменгі жалақының 1,5 мөлшері |
2) 2, 5, 6-шағын ауданындағы және көшелердегі, Даңқ аллеясындағы, қалалық саябақтың артындағы су қоймасы жағалау, қалалық саябақ бойындағы қоқыстарды қолмен күнделікті тазарту. | 67200 | |||
3) шөптерді шабу, асфальт-бетон жамылғыларының жиегін батпақтан күрекпен тазарту. | 4128 | |||
4) Аңғар ауылындағы көшелерді тазарту, қурайларды шабу. | 2016 | |||
5) Аңғар ауылында ағаш отырғызуға, гүлзарлар егуге қатысу. | 1520 | |||
6) Алуа ауылындағы көшелерді тазарту, түбірлерді кесу, үйінділерді жоюға көмек көрсету. | 344 | |||
7) Көктау ауылындағы көшелерді тазарту, түбірлерді кесу, үйінділерді жоюға көмек көрсету. | 1888 | |||
8) Көктау ауылында ағаш отырғызуға, гүлзарлар егуге қатысу. | 504 | |||
9) Қайынды, Қызыл-жұлдыз ауылдарындағы көшелерді тазарту, түбірлерді кесу, үйінділерді жоюға көмек көрсету. | 1936 | |||
10) Қайынды, Қызыл-жұлдыз ауылдарындағы құдықтарды тазартуға, жөндеуге қатысу. | 504 | |||
11) Матросов ауылындағы көшелерді тазарту, түбірлерді кесу. | 336 | |||
12) Матросов ауылындағы құдықтарды тазартуға, жөндеуге қатысу. | 184 | |||
13 )Екідің ауылындағы көшелерді тазарту, үйінділерді жоюға көмек көрсету. | 1008 | |||
14) Жалғызтал ауылындағы көшелерді тазарту. | 336 | |||
15) Восточное ауылындағы көшелерді тазарту, түбірлерді кесу. | 336 | |||
16) Восточное ауылында ағаш отырғызуға, гүлзарлар егуге қатысу. | 352 | |||
17) Молодежный ауылындағы көшелерді тазарту, үйінділерді жоюға көмек көрсету. | 672 | |||
18) Жаңақала ауылындағы көшелерді тазарту, үйінділерді жоюға көмек көрсету. | 1232 | |||
19) Фурманов ауылындағы көшелерді тазарту, үйінділерді жоюға көмек көрсету. | 2656 | |||
20) Фурманов ауылындағы саябақтағы жасыл желектерді күту. | 704 | |||
21) Үштөбе ауылындағы саябақтағы жасыл желектерді күту. | 704 |