Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2012.05.21 N 3-1 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6, 7-баптарына сәйкес Шыңғырлау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының " Шыңғырлау ауданындағы елді мекендерінде жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау ережесі бекіту туралы" 2006 жылғы 6 қазандағы N 24-5 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-13-36 тіркелген, 2007 жылғы 7 сәуірдегі "Серпін" газетінде жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
Шешімінің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және Шыңғырлау ауданындағы жасыл желектердің сапасы мен тиімділігін арттыру мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ".
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | А.Б.Тасмагамбетов |
| Аудандық мәслихат хатшысы | М.Ж.Малтиев |
