"Қарасу ауданында 2009 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының тізбесін бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 52 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 27 шілдедегі № 163 қаулысы. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 7 қыркүйекте № 9-13-93 тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Қарасу ауданында 2009 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының тiзбесiн бекіту туралы" әкімдігінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 52 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 9-13-80 болып тіркелді, "Қарасу өңірі" газетінде 2009 жылғы 8 сәуірде жарияланды, мынадай толықтыру енгізілді: "Қарасу ауданында 2009 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының тiзбесiн бекіту туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 52 қаулысына толықтыру енгізу туралы" әкімдіктің 2009 жылғы 25 мамырдағы № 131 қаулысы, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 9-13-87 болып тіркелді, "Қарасу өңірі" газетінде 2009 жылғы 1 шілдеде № 26 болып жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымша жаңа редакцияда осы қаулыға қосымшаға сәйкес жазылсын.

      2. Осы қаулы оны алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімi

Қ. Ахметов

КЕЛІСІЛДІ:


"Қарасу ауданының жұмыспен


қамту және әлеуметтік бағдарламалар


бөлімі" мемлекеттік мекемесі


бастығының міндетін атқарушысы


________________ А. Ерменова


2009.07.27 ж.



  Әкімдіктің
2009 жылғы 27 шілдедегі
№ 163 қаулысына қосымша

2009 жылға арналған халықтың нысаналы топтарының
ТІЗБЕСІ

      1. Табысы аз адамдар;

      2. Жиырма бip жасқа дейінгі жастар;

      3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

      4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

      5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімдi, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

      6. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғанда);

      7. Мүгедектер;

      8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

      9. Бас бостандығынан айыру және мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

      10. Оралмандар;

      11. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім оқу орындарының түлектері;

      12. Жұмыс берушінің-заңды тұлғаның жойылуына не жұмыс беруші-заңды тұлға қызметінің тоқталуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартуына байланысты босатылған адамдар;

      13. Бес жасқа дейінгі баласы бар ана;

      14. Елу жастан үлкен адамдар;

      15. Уәкілетті органының бағдары бойынша кәсіптік оқуды аяқтаған жұмыссыздар;

      16. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін адамдар (он екі және одан астам ай);

      17. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастағы жастар;

      18. Алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі және өтілі жоқ жұмыссыз жастар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады