Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 422-бабына сәйкес мәслихат ШЕШТІ:
1. Қызметін Рудный қаласының әкімшілік аумағында жүзеге асырылатын барлық салық төлеушілер үшін тіркелген бірыңғай салық ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. алынып тасталды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2011.11.30 № 539 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихаттың | |
| кезектен тыс сессиясының төрағасы | А. Досов |
| Қалалық мәслихаттың хатшысы | В. Лощинин |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігі Салық комитетінің
Қостанай облысы бойынша салық
департаменті Рудный қаласы
бойынша салық басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
_____________________ Е.Зикеев
10.04.2009
| Мәслихаттың 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 188 шешіміне қосымша |
Қызметін Рудный қаласының әкімшілік аумағында
жүзеге асырылатын барлық салық төлеушілер үшін
тіркелген бірыңғай салық ставкалар
р/р № | Салық салу объектісінің атауы | Айына салық салу бірлігіне тіркелген салық (айлық есептік көрсеткіш) ставкасы |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | 1 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер | 1 |
4 | Ойын жолы | 5 |
5 | Карт | 2 |
6 | Бильярд үстелі | 3 |
