Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер Кодексінің 8, 11 баптарына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-ІV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Атамекен ауылдық округін салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттері № 1,2 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1 тармағында "селолық" деген сөз "ауылдық" деген сөзбен ауыстырылсын- Мұнайлы аудандық мәслихатының 24.11.2014 № 27/278(жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | Н. Кенджикараев |
| Аудандық мәслихат хатшысы | Б. Назар |
"Мұнайлы ауданы бойынша
салық басқармасы" бастығы
А.Тумышева
08 мамыр 2009 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Мұнайлы аудандық жер
қатынастары бөлімі"
мемлекеттік мекемесі
бастығының м.а.
С. Тұрмағамбетов.
08 мамыр 2009 жыл.
| Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 8 мамырдағы № 15/164 шешіміне 2 қосымша |
| Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 8 мамырдағы № 15/164 шешіміне 2 қосымша |
Атамекен ауылдық округі жерлері аймақтарының сипаттамасы және салық салу мақсатындағы жер салығының базалық ставкасына түзету коэффициенттері
| Аймақтар №№ | Аймаққа енетін аумақтар | Салық салу коэффициенттер |
| 1 | Өнеркәсіптік аймақ | 1,5 |
| 2 | Қоғамдық - іскерлік және тұрғын аймақ. | 1,5 |
| 3 | Резервтегі аймақ (өнеркәсіптік аймақтың болжамды дамуы) | 1,4 |
1-ші аймақ - Өнеркәсіптік аймақ
2-ші аймақ - Қоғамдық- іскерлік аймақ, екі қабатты және жеке тұрғын үй құрылысы салынған орталық бөлігі енеді. Бұл жердегі негізгі әкімшілік ғимараттар, емхана, ұсақ дүкендер желісі, базар, мейрамхана, сөйлесу пункті шоғырланған.
3-ші аймақ - Резервтегі аймақ. (өнеркәсіптік аймақтың болжамды дамуы)
