Елек өзені мен оның салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2009 жылғы 20 сәуірдегі № 127 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 18 мамырда № 3294 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының Су кодексінің 27, 85, 86-баптарына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерi шекараларын белгiлеу қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 120-НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36238 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы әкімдігінің 08.10.2026 № 204 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      1. 1 қосымшаға сәйкес, бекітілген жобалық құжаттамасы негізінде Елек өзені мен оның салаларына (Жарықтың, Көктөбенің, Тамдының, Табанталдың, Есеттің, Жақсықарғалының, Тәнірбергеннің, Жамансуды, Ақсуды) су қорғау аймақтары мен белдеулердің бекітілген жобасы белгіленсін.

      2. 2 қосымшаға сәйкес, Елек өзені мен оның салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулері шегінде шаруашылық қызметін жүзеге асыруға жол берілмейтін шарттар тізбесі бекітілсін.

      3. Ақтөбе қаласының және аудандардың әкімдері:

      су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын нақтылы түрде көшіруді, жерді есепке алу құжаттамасына өзгерістер енгізуді және осы жұмыстардың жүргізілуіне тұрақты бақылауды қамтамасыз етуді жүзеге асырсын;

      су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шегінде құрылыс және басқа арнайы қажеттер үшін аумақты бөлу мен пайдалануды осы қаулының 1 және 2 тармақтарының талаптарын қатан сәйкесте жүргізсін.

      4. Ақтөбе қаласы мен аудандардың, ауылдық (селолық) округтердің әкімдері, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шегінде орналасқан пайдаланылуында жер учаскелері бар, ведомстволық тиесілілігі мен меншік нысанына қарамастан кәсіпорындардың, ұйымдардың, басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерінің басшыларына, олардың санитарлық жай-күйін тиісті дәрежеде күтілуін және шаруашылық жүргізу режимінің сақталуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

      5. "Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" ММ (Ж.И.Иманқұлов) жобалық құжаттарды Елек өзені және оның салаларының ластануына, қоқысталуына жол бермеу және су қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағын пайдалану режимін сақтауды қамтамасыз ету іс-шараларын әзірлеу үшін Ақтөбе қаласының, Алға, Қарғалы, Мәртөк және Мұғалжар аудандарының әкімдіктеріне, мемлекеттік уәкілетті органдарға тапсырсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары І.Қ. Өмірзақовқа жүктелсін.

      7. Осы қаулы бірінші ресми жарияланғаннан 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Е. Сағындықов

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2009 ж. 20 сәуірдегі
№ қаулысына 1 қосымша

Елек өзені мен оның салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулері

      "Елек өзені мен оның салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" бекітілген жобалық құжаттамасына сәйкес бекітіледі:

      Елек өзені мен оның Жарық, Көктөбе, Тамды, Табантал, Есет, Жақсы Қарғалы, Тәңірберген, Жамансу, Ақсу сияқты салаларының су қорғау аймағының ені көпжылдық орташа межелік деңгей кезіндегі деңгейден тасқын су кезеңіндегі көпжылдық орташа су деңгейіне дейін және қашықтықты қосқанда 500 метр;

      Елек өзені мен оның салаларының бастаулары, сондай-ақ бұлақтар үшін су қорғау аймақтарының ені 50 метр;

      Ақтөбе салалық су қоймасының су қорғау аймағының ені, көп жылдық орташа межелік деңгей кезіндегі деңгейден тасқын су кезеңіндегі көп жылдық орташа су деңгейіне дейін және қашықтықты қосқанда 1000 метр. Су қорғау аймағының ішкі шекарасы қалыпты толық деңгей кезіндегі су деңгейінен өтеді.

      Су құйылатын су қоймалары мен көлдер үшін су қорғау аймағының ені акваториясы 2 ш.м. дейін болса 300 метр және акваториясы 2 ш.м. астам болса 500 метр;

      Батпақтардың су қорғау аймақтарының ені 300 метр;

      Бағалы өндірістік балықтардың уылдырық шашу орындарын қорғайтын ормандардың тыйым салынған белдеулері орналасқан Елек өзені бассейнінің учаскелерінде су қорғау аймақтарының ені осы белдеулердің еніне тең, бірақ белгіленген су қорғау аймақтарының енінен кем емес;

      Қалалар мен елді мекендер аумақтарындағы су қорғау аймақтарының мөлшері мен шекаралары бекітілген бас жоспарға сәйкес және ағынды канализациялар мен жағалаулықтар болуына қарай жобалау мен құрылыс салудың нақты шарттарын негізге ала отырып;

      Орталықтандырылған шаруашылық - ауыз сумен қамтамасыз ету көздері үшін санитарлық қорғау аймақтары орналастырылған учаскелерде су қорғау аймақтарының мөлшері мен шаруашылық жүргізу режимі санитарлық қағидалармен және нормалармен;

      Жоғары жақтан ағатын су беті сулары (өзен аңғарларының бұрмалары, жол-көлік желісі, бөгеттер, орман алқаптарының шеті) Елек өзені бассейнінің су нысандарына келу мүмкіндігінен айыратын табиғи және жасанды шептер мен кедергілер су қорғау аймақтарының шекараларымен Елек өзені мен оның Жарық, Көктөбе, Тамды, Табантал, Есет, Жақсы Қарғалы, Тәңірберген, Жамансу, Ақсу сияқты салаларының, Ақтөбе салалық су қоймасының су қорғау белдеулерінің ені – 50 метр, (одан бетер - аумақтың су нысанына іргелес жатқан жердің түріне және баурайларының тіктігі жобаның 6.1-1 кесте). Су қорғау белдеулерінің шекаралары онжылдық кезеңдегі жағалауларды болжамдық өңдеу еніне ұлғаяды.

      Жағалауды бойлай ағаш-бұта белдеулері немесе қорғаныс және жағалауды бекітетін құрылыстар болған кезде бағалы ауыл шаруашылығы алқаптарында су қорғау белдеулерінің енін 10 метрге азайтылуына рұқсат етіледі.

      Аса бағалы балық шаруашылығы маңызы бар Елек өзені бассейні су айдыны учаскелері үшін су қорғау белдеулерінің ені (уылдырық шашатын орындар, қыстау шұңқырлары, шырланатын учаскелер) іргелес жатқан жердің еңістігіне және сипатына қарамастан кемінде 100 метр қабылданады.

      Қалалар мен елді мекендер аумақтарының шегіндегі су қорғау белдеулерінің шекарасы оларды су нысанының ластануы мен қоқыстануын болдырмайтын жағалау аймақтарын міндетті түрде инженерлік немесе орман мелиорациялық (жақтаулар, опырылған ағаш-бұта аймақтары) жайластырған кезде жобалау мен құрылыс салудың нақты шарттарын негізге ала отырып белгіленеді.

      Табиғи ресурстарды қорғау және
ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
бөлім бастығы
Қ.Аязов

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2009 жылғы 20 сәуірдегі № 127
қаулысына 2-қосымша

Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдалану режимі мен ерекше жағдайлары

      Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы әкімдігінің 08.10.2026 № 204 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі).

      1. Су қорғау белдеулері шегінде шаруашылық қызметтің кез келген түріне, сондай-ақ шаруашылық және өзге де қызметті жүргізу үшін жер учаскелерін беруге тыйым салынады, бұл тыйымға мынадай жағдайлар:

      1) мыналарды:

      су шаруашылығы құрылысжайлары мен олардың коммуникацияларын;

      көпірлерді, көпір құрылысжайларын;

      айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі, балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, балық аулау мен аквашаруашылық қызметіне байланысты өзге де инфрақұрылым объектілерін;

      балық өсіретін тоғандарды, балық өсіретін бассейндер мен балық өсіретін объектілерді, сондай-ақ оларға коммуникацияларды;

      ғимараттар мен құрылысжайлардың күрделі құрылысынсыз балаларға арналған ойын және спорт алаңдарын, жағажайларды, аквапарктерді және басқа да рекреациялық аймақтарды;

      су объектілері жай-күйінің көрсеткіштерін байқау пункттерін салу және пайдалану;

      2) жағалауды нығайту, ағаш өсіру және көгалдандыру;

      3) 1-тармақтың 1) тармақшасында рұқсат етілген қызмет кірмейді.

      2. Су қорғау аймақтары шегінде:

      1) жерүсті су объектілерінің, су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылысжайлармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;

      2) автожанармай құю станцияларын, мұнай өнімдерін сақтауға арналған қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасын техникалық қарап-тексеру, оларға қызмет көрсету, жөндеу және жуу пункттерін орналастыруға және салуға;

      3) тыңайтқыштарды, пестицидтерді, улы химикаттарды, көңді сақтауға және оларды қолдануға арналған қоймалар мен алаңдарды орналастыруға және салуға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған кезде уыттылығы аз және орташа, жойылуы оңай пестицидтерді қолдануға жол беріледі;

      4) тұрмыстық қатты және өнеркәсіптік қалдықтардың үйінділерін орналастыруға және жайғастыруға;

      5) зираттарды орналастыруға;

      6) жүктеме нормасынан асатын ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға, мал шаруашылықтарын, мал сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), пестицидтердің арнаулы қоймаларын (көмінділерін) және олардың ыдыстарын орналастыруға;

      7) сарқынды суларды жинақтағыштарды, сарқынды сулармен суару алқаптарын, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының радиациялық, химиялық, микробиологиялық, токсикологиялық және паразитологиялық ластану қаупін туғызатын басқа да объектілерді орналастыруға тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады