Ескерту. Шешімнің тақырыбында "селосының" сөзі "ауылының" сөзіне және бүкіл мәтін бойынша "селосы", "селолық", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылы", "ауылдық", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы Викторовка ауылдық округі әкімінің 07.04.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына, Бөгенбай би ауылы, Красиловка ауылы және Қызылқайнар ауылы халқының пікірін ескере отырып, Викторовка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бөгенбай би ауылы, Красиловка ауылы және Қызылқайнар ауылының көшелеріне атаулар берілсін:
1) Бөгенбай ауылы:
№ 1 көшеге - Әз батыр атындағы атау;
№ 2 көшеге - Береговая атауы;
2) Красиловка ауылы:
№ 1 көшеге - Бөгенбай би атындағы атау;
№ 2 көшеге - Жастар атауы;
№ 3 көшеге - Орталық атауы;
3) Қызылқайнар ауылы:
№ 1 көшеге - -Бейбітшілік атауы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Әкім | Б.Дүйсенов |
КЕЛІСІЛДІ:
|
Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
В.М.Петрова |
|
Зеренді ауданының "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
Ә.М.Райымбекова |
