Ескерту. Шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селосының", "селосы" сөздері "ауылының", "ауылы" сөздерімен ауыстырылды – Ақмола облысы Зеренді ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің 02.05.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4) тармақшасына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабының 2 тармағына сәйкес, Жылымды ауылы, Қарлыкөл ауылы, Жанаауыл ауылы, Қарағай станциясы халқының пікірін ескере отырып, Бұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Ақмола облысы Зеренді ауданы Бұлақ ауылдық округі әкімінің 02.05.2017 № 1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Жылымды ауылы, Қарлыкөл ауылы, Жаңаауыл ауылы, Қарағай станциясынның көшелеріне атаулар берілсін:
1) Жылымды ауылы:
№ 1 көшеге – Шолақ атауы;
№ 2 көшеге - Мектеп атауы;
№ 3 көшеге – Шеткі атауы;
2) Қарлыкөл ауылы:
№ 1 көшеге – Мектеп атауы;
№ 2 көшеге – Геолог атауы;
№ 3 көшеге – Бәйтерек атауы;
№ 4 көшеге – Бейбітшілік атауы;
3) Жаңаауыл ауылы:
№ 1 көшеге – Қаратал атауы;
№ 2 көшеге – Бейбітшілік атауы;
№ 3 көшеге – Бірлік атауы;
№ 4 көшеге – Достық атауы;
№ 5 көшеге – Жайлау атауы;
4) Қарағай станциясы:
№ 1 көшеге – Станционная атауы;
№ 2 көшеге – Элеватор атауы.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Зеренді ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Әкім | О Бекішев |
КЕЛІСІЛДІ:
|
Зеренді ауданы "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
В.М.Петрова |
|
Зеренді ауданы "Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы |
Ә.М.Райымбекова |
