Ескерту. Шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің 20.01.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес және Ақсай ауылдық округі халқының пікірін ескере отырып Ақсай ауылдық округ әкімі шешім етеді:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Темір ауданы Ақсай ауылдық округі әкімінің 20.01.2017 № 1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі).1. Ақсай ауылының атаулары жоқ:
1) N 1 көшесіне – Мүсіртау;
2) N 2 көшесіне – Латыпов Қарағұл;
3) N 3 көшесіне – Жаманағаш;
4) N 4 көшесіне – Нұрпейс Байғанин;
5) N 5 көшесіне – Қален Тұрдалин;
6) N 6 көшесіне – Төсбұлақ;
7) N 7 көшесіне – Жасыл;
8) N 8 көшесіне – Мектеп;
9) N 9 көшесіне – Рауан деген атаулар берілсін.
2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік өткеннен кейін қолданысқа еңгізіледі.
| Ақсай ауылдық округінің әкімі | А. Әмір |
