Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 21 қарашадағы № 565 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 3 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5025 болып енгізілді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 01.06.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 22.06.2015 № 403 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптар бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 01.06.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Министрдің міндетін
атқарушы



  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрінің м.а.
2007 жылғы 21 қарашадағы
№ 565 бұйрығымен бекітілген

Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптар

      Ескерту. Талаптар жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 01.06.2021 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптар "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және білім туралы құжаттарды: негізгі және жалпы орта білім туралы аттестатты, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы дипломды, кәсіптік даярлау туралы куәлікті, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломды, резидентураны және интернатураны бітіргені туралы куәлікті заңнамалық тәртіппен бекітілген білім туралы құжаттардың түрлеріне сәйкес толтыруға қойылатын талаптарды айқындайды.

      2. Куәліктерді, аттестаттарды, дипломдарды және қосымшаларды толтыруды оқу орны баспа құрылғыларының көмегімен жүргізеді.

      3. Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестат, техникалық және кәсіптік білім, орта білімнен кейінгі білім туралы диплом, куәліктер (бұдан әрі – бланкілер) және қосымшалар мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдар мен қосымшалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде толтырылады.

      4. Бланкінің оң жақ беті бланкіні басқа елге әкеткен жағдайда оны заңдастыруға байланысты тиісті органның апостилі мен белгісін қою орны ретінде Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2001 жылғы 4 маусымдағы № 67 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №1536 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустарынан шығатын ресми құжаттарға апостильді қою тәртібі мен шарттары туралы бірыңғай қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Бланкіні толтырғаннан кейін оған енгізілген жазудың нақты және қатесіздігіне мұқият тексеру жүргізіледі. Қатемен жазылған құжат Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 519 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10079 болып тіркелген) Бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттардың бланкiлерiне тапсырыс берудi ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта бiлiмнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарын қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегi қағидаларына сәйкес бүлінген болып саналады және жоюға жатады.

2-тарау. Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттарды және оларға қосымшаларды толтыруға қойылатын талаптар

      6. Аттестаттар бланкілері мынадай үлгіде толтырылады:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық барыс септігінде көрсетіледі;

      2) білім беру ұйымын бітірген жылы (төрт таңбалы санмен) көрсетіледі;

      3) "білім беру ұйымының толық атауы" деген жолда оқу орнының ресми атауы көрсетіледі;

      4) аттестаттар бланкілеріне білім беру ұйымының директоры, директордың орынбасары және сынып жетекшісі қол қояды. Мөрге арналып қалдырылған орынға білім беру ұйымының мөрі қойылады;

      5) бланкінің төменгі бөлігінде білім беру ұйымы орналасқан елді мекен, бланкіні беру мерзімі: күні (санмен), айы (жазбаша) және жылы (төрт таңбалы санмен), берілетін бланкілерді тіркеу кітабы бойынша бланкінің тіркеу нөмірі көрсетіледі.

      7. Аттестатқа қосымша мынадай үлгіде толтырылады:

      1) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық атау септігінде көрсетіледі;

      2) "білім беру ұйымының толық атауы" деген жолда оқу орнының ресми атауы көрсетіледі;

      3) пәндер бойынша бағалар санмен, ал жақшада жазбаша қойылады;

      4) денсаулық жағдайына байланысты дене тәрбиесі және қөркем еңбек пәндерінен босатылған 9, 11 (12) сыныптардың білім алушыларына "босатылған" деп жазылады;

      5) "ана тілі", "әдебиет" деген бағандарды ұлттық тілде оқытатын мектептер (қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептерден басқа) толтырылады;

      6) "Музыка" деген жол 6-сыныптағы жылдық баға бойынша, "көркем енбек" деген жол 9-сыныптағы жылдық баға бойынша толтырылады;

      7) "Қолданбалы курстар" немесе "таңдауы бойынша курстар" деген сөздерден кейін оқу жоспарына сәйкес курстардың атаулары жазылады. Сынақ жүйесі енгізілген пәндер бойынша – "есептелді";

      8) аттестаттар қосымшаларына білім беру ұйымының директоры, директордың орынбасары және сынып жетекшісі қол қояды. Мөрге арналып қалдырылған орынға білім беру ұйымының мөрі қойылады.

3-тарау. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы дипломдарды және оларға қосымшаларды, кәсіптік даярлау туралы куәліктерді толтыруға қойылатын талаптар

      8. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім (бұдан әрі – ТКОББ) туралы дипломдардың бланкілері мынадай үлгіде толтырылады:

      1) "Техникалық және кәсіптік білім туралы диплом ТКБ" №___" немесе "Орта білімнен кейінгі білім туралы диплом ОБКБ" №___" деген сөздерден кейін жеті саннан тұратын диплом нөмірі көрсетіледі (Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын нөмірлеуге ұқсас);

      2) "Осы диплом" деген сөздерден кейін оқуды аяқтаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) барыс септігінде көсетіліп, "берілді." деген сөзбен аяқталады;

      3) оқу мерзімі көрсетіледі, содан кейін оқу орнының толық атауы барыс септігінде көрсетіледі;

      4) "кәсіптің, мамандықтың атауы" деген сөздердің алдында мамандықтың коды және атауы көрсетіледі;

      5) "Оқыту нысаны" деген сөздерден кейін оқуды аяқтаған адамның "күндізгі", "сырттай", "кешкі" оқуды аяқтаған оқыту нысаны жазумен көрсетіледі;

      6) "Қорытынды аттестаттау комиссиясының "______" жылғы "___" ______шешімімен оған" деген сөздерден кейін біліктіліктің (біліктіліктер) берілген уақыты, кейін коды (-тары) және берілетін біліктік (біліктіліктер) атауы көрсетіледі;

      7) ТжКОБ диплом бланктері басшының және басшының оқу ісі жөніндегі орынбасарымен тегі, аты-жөнінің бірінші әріптерінің көрсетілуімен қол қойылады. Мөрге бөлінген орынға оқу орнының мөрі қойылады.

      9. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім туралы дипломға қосымша (бұдан әрі – қосымша) қазақ және орыс тілдерінде мынадай үлгіде толтырылады:

      1) "Техникалық және кәсіптік білім туралы диплом ТКБ" №___" немесе "Орта білімнен кейінгі білім туралы диплом ОБКБ" №___" деген сөздерден кейін диплом нөмірі көрсетіледі;

      2) оқуды аяқтаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық атау септігінде көрсетіледі;

      3) оқу мерзімі көрсетіледі, содан кейін оқу орнының толық атауы көрсетіледі;

      4) "мамандықтың атауы" сөздерінен кейін мамандықтың коды және атауы көрсетіледі, содан кейін коды (-тары) және берілетін біліктілік (-тер) атауы көрсетіледі;

      5) пәндер және (немесе) модульдер атауы, сағаттар саны және (немесе) кредиттер жұмыс оқу жоспарына сәйкес толтырылады. Қорытынды баға балдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша (%, әріптік, балдық) және (немесе) цифрлық бес балдық бағалау жүйесі бойынша қойылады;

      6) қосымшалар басшының оқу ісі жөнендегі орынбасары және оқу тобының жетекшісінің тегі, аты-жөнінің бірінші әріптерінің көрсетілуімен қол қойылады;

      7) Мөрге бөлінген орынға оқу орнының мөрі қойылады.

      10. Кәсіптік даярлау туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік) мынадай үлгіде толтырылады:

      1) "Кәсіптік даярлау туралы куәлік" КБ №___" сөздерінен кейін жеті саннан тұратын куәлік нөмірі көрсетіледі (Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы нөмірленуіне ұқсастық бойынша);

      2) "Осы куәлік _________берілді" сөздерінен кейін оқуды аяқтаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) көрсетіледі;

      3) оқу мерзімі көрсетіледі, содан кейін оқу орнының толық атауы көрсетіледі;

      4) "бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдерді меңгеру қорытындысы бойынша мынадай білімін көрсетті:" сөздерінің алдында біліктілік атауы көрсетіледі.

      5) оқылған пәндердің атауы көрсетіледі және бағалары қойылады. Бағалау санмен қойылады және жақша ішінде жазумен өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық көрсетіледі. Пәндердің атауында, бағалауда грамматикалық ережелерге сәйкес қысқартулар болуы мүмкін.

      6) "Біліктілік комииссиясының ___ жылғы "____" ______ шешімімен оған________біліктілігі берілді" сөздерінен кейін біліктілік атауы көрсетіледі;

      7) куәлік басшының және басшының орынбасарымен тегі, аты-жөнінің бірінші әріптерінің көрсетілуімен қол қойылады. Мөрге бөлінген орынға оқу орнының мөрі қойылады.

4-тарау. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломдарды және оларға қосымшаны, резидентураны және интернатураны бітіргені туралы куәліктерді толтыруға қойылатын талаптар

      Ескерту. 4-тарау алып тасталды - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 23.06.2026 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады