ҚР Атырау облысы әділет департаментінің 2006 жылғы 23 мамырдағы 3-2185/06 хатынан үзінді:
Атырау облыстық әділет департаменті ертеде тіркелген нормативтік құқықтық актілеріне қайта тексеріс жүргізілген қорытындысы бойынша және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 4-2-1/и623 хатына сәйкес, Сізге Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38-бабының талаптарына сәйкес келмейтін тіркелген нормативтік құқықтық актілердің тізімін, "Заң" деректер базасына тиісті жазбаларды енгізу үшін, жолдайды.
Қосымша 2 бетте
АОӘД бастығы
Қосымша: 5) Атырау облысы әкімиятының 2002 жылғы 2 қазандағы N 251 "Облыстың ауыл шаруашылығы ұйымдарының банкроттыққа ұшырау жағдайларындағы уәкiлеттi орган туралы" шешімі (Атырау облыстық әділет департаментінде 2002 жылғы 5 қарашада N 1186 тіркелді).
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы N 67-1 "Банкроттық туралы" Заңына cәйкес және ауыл шаруашылығы ұйымдарының банкроттыққа ұшырау iс жосығын өткiзу мақсатында, облыстық әкiмият қаулы етедi:
1. Облыстың ауыл шаруашылығы ұйымдарының банкроттыққа ұшырау жағдайларындағы уәкiлеттi орган болып, Атырау облысы Ауыл шаруашылығы департаменті анықталсын.Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облыстық әкімиятының 28.04.2005 N 152 қаулысымен.
2. Атырау облысы әкiмiнiң 1999 жылғы 16 сәуiрдегi N 80-ө "Облыстық дәулетсiз ауыл шаруашылығы ұйымдарын жою және банкроттау iс жосығы жөнiндегi уәкiлеттi орган туралы" өкiмiнiң күші жойылған деп есептелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Қ. Ищановқа жүктелсiн.
| Облыс әкiмi |
