"Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексін күшіне енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Z970207_ Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 U990029_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 1, 2-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген Жарлыққа 2-қосымшада:
"Қазақстан Республикасының прокуратурасы" деген жолдағы "4357" деген
цифрлар "5474" цифрларымен ауыстырылсын;
"Бас прокуратура" деген жолдағы "220" деген цифрлар "230" цифрларымен
ауыстырылсын;
"Прокуратура органдары" деген жолдағы "3496" деген цифрлар "4603"
цифрларымен ауыстырылсын.
2. Осы Жарлық 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.
