1. 1930 жылғы 7 маусымдағы мынадай Женева конвенцияларына қосылуы жүзеге асырылсын:
аударымды және жай вексельдер туралы бiрыңғай Заңды белгiлейтiн Конвенцияға. Қосылу аталған Конвенцияның II қосымшасындағы 2,4,6-15,17,18,20-баптарында көзделген жәйттердi ескере отырылып жүргiзiлсiн;
аударымды және жай вексельдер туралы заңдардағы кейбiр
пiкiр алалығын шешудi мақсат ететiн Конвенцияға;
аударымды және жай вексельдерге қатысты гербтiк жыйлымы туралы
Конвенцияға.
2. Осы Жарлық жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
