1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi 1993 жылғы 1 қазанға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi жанынан мемлекеттiк маңызды өнiмдердiң экспортын және мемлекеттiк қажеттер үшiн азық-түлiктi, шикiзатты, дәрi-дәрмектi, жабдықтар мен басқа да өнiмдердi орталықтандырып сатып алуды жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк сыртқы сауда компанияларын құратын болсын.
2. Қазақстан Республикасында 1994 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттiк маңызды өнiмдердiң экспорты мен керi экспортын, оның iшiнде қосымшаға сәйкес бартерлiк операциялар негiзiндегi экспорты мен керi экспортын, сондай-ақ мемлекеттiк қажеттерге арналған шикiзат, азық-түлiк, дәрi-дәрмек, жабдықтар мен басқа да өнiмдер импортын Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiнiң жанындағы мемлекеттiк сыртқы сауда компаниялары ғана жүзеге асыратын болып белгiленсiн. Мемлекеттiк маңызды өнiмдердiң экспорты өндiрушi кәсiпорындар орындауға мiндеттi болып табылатын белгiленген квоталардың шегiнде жүзеге асырылады.
Осы қағиданың күшi бұрынғы КСР мемлекеттерiмен арада жүзеге асырылатын экспорт пен импортқа қолданылады.
3. Мемлекеттiк кәсiпорындардың өнiм /жұмыс, қызмет/ экспортынан алатын валюталық түсiмi тек қана импорт алмастыратын өндiрiстердi қайта жаңартуға, модерлендiруге, жаңадан құруға, әлеуметтiк маңызды тауарлардың /дәрi-дәрмек пен балалар тағамы/ iссапар шығыстарына жұмсалатын болып белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының экспортқа шығарылатын тауарларға кеден тарифi туралы" 1993 жылғы 9 наурыздағы N 1154 Жарлығының күшi үкiметаралық келiсiмдер шеңберiнде жүзеге асырылатын өнiм берiп тұрудан басқа, бұрынғы КССР мемлекеттерiне жасалатын өнiм экспортына қолданылатын болсын.
Осы мемлекеттерге экспортқа шығарылатын тауарлардың /оның iшiнде бартерлiк операциялар негiзiндегi/ кеден баж салығын өндiрiп алу төлем валютасымен жүргiзiлсiн.
5. Әкелетiн тауарлар мен өзге де заттарға кеден баж салығын шет ел валютасымен төлету айрықша жағдайларда ғана, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң рұқсатымен, экспортқа шығарушы экспортқа шығарған өнiм үшiн қаражат алғаннан кейiн, алайда жөнелткен күнiнен кейiн үш ай мерзiмнен кешiктiрмей жүргiзiлетiн болып белгiленсiн.
6. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi 1993 жылғы 1 қазанға дейiн экспорт және импорт бақылауы мемлекеттiк жүйесiнiң тұжырымдамасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етсiн, оның мақсаты:
Қазақстан экспортқа шығарушылары өнiмдерiнiң экспорты орташа әлемдiк бағалардан төмен болмауын;
өнiм /жұмыс, қызмет/ импорты орташа әлемдiк бағалардан аспауын;
импортқа әкелiнетiн тауарлардың /жұмыстың, қызметтiң/ сапасына бақылау жасалуын қамтамасыз ету болуға тиiс.
7. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
1993 жылғы 1 қыркүйекке дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi жанынан Әлемдiк нарық конъюнктурасы институтын құру мәселесiн қарайтын болсын;
бiр ай мерзiмде осы Жарлықты жүзеге асыру үшiн қажеттi шешiмдер қабылдасын.
8. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
1994 жылғы 1 қаңтардан бастап, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Экономиканы тұрақтандыру және нарықтық қайта құрулар жүргiзу кезеңiнде Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметiн ұйымдастыру туралы" 1992 жылғы 25 қаңтардағы N 585 Жарлығының 1-тармағы бiрiншi абзацының екiншi сөйлемi;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "1993 жылы Қазақстан
Республикасында валюта қорын қалыптастыру туралы" 1993 жылғы
21 қаңтардағы N 1092 қаулысының 1-тармағының 2-абзацы;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "1992 жылғы егiннiң
астығы ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар
туралы" 1993 жылғы 18 қаңтардағы N 1080 қаулысының 2-тармағының
2 және 4 абзацтары.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1993 жылғы 30 шiлде
N 1311 Жарлығына қосымша
Мемлекеттiк маңызды өнiмдердiң
ТIЗБЕСI
Тауарлардың атауы СЭҚ ТН бойынша коды
Мұнай және мұнай өнiмдерi 2709,2710,2712,2713
Табиғи газ, конденсатты қоса 2711
Көмiр және кокс 2701,2702,2704
Кен мен концентрат 2601-2617
Қара металдар, қара металл
прокаты мен сынығы 7201,7202,7204,7206
7208-7229,7301-7306
Түстi металдар, түстi металл
прокаты мен сынығы 7401-7418,7501-7508
7601-7616,7801-7616
7901-7907,8001-8007
Сирек және сирек ұшырасатын
металдар 8101-8112,2805,2846
Глинозем 281820000
Бағалы металдар, асыл тастар
және олардан жасалған бұйымдар 2843,7101-7118
органикалық емес және органикалық
химия өнiмдерi 284130,290250
390210,390310
Химиялық радиоактивтi элементтер 2844,2845
Астық 1001-1008
Мақта 5201-5203
Жүн 5101
Терi шикiзаты 4101-4103
Минералды тыңайтқыш 3102,3103,310559
Тибет медицинасы өнiмдерi 050790
Бекiре уылдырығы 160430
