Қазақстан Республикасында әдебиет және өнер қайраткерлерін мемлекеттік қолдау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мəдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 110 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясына ұсынылатын адамдардың қажеттілікке қарай жаңартылып отыратын дербес құрамын жыл сайын бекітуге ұсынсын.
3. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
| Қазақстан Республикасы Президентінің ҚОСЫМША |
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір актілерінің ТІЗБЕСІ
1. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығы.
2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 345 Жарлығы.
3. "Мәдениет саласында мемлекеттік стипендиялар тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қарашадағы № 370 Жарлығы.
4. "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 5 мамырдағы № 471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 3-тармағы.
5. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 404 Жарлығы.
