2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 11 ақпандағы № 1170 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 10) тармақшасына және "Республикалық референдум туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 18-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткізілсін.

      2. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы: "Жобасы бұқаралық ақпарат құралдарында 2026 жылғы 12 ақпанда жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?" деген сауал қойылып, республикалық референдумға шығарылсын.

      3. Осы Жарлық пен Конституцияның жобасы 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында ресми түрде жариялансын.

      4. Республикалық референдумға дайындық пен оны өткізу Референдумның орталық комиссиясының қызметін атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ референдумның аумақтық және учаскелік комиссияларының қызметін атқаратын аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына жүктелсін.

      5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясымен, Қазақстан Республикасының басқа да орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу бойынша қажетті шаралар қабылдасын.

      6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады