ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ережеде:
13-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) және 3-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) реттеушілік саясатты жетілдіруге қатысу;";
"3-1) қоғамды хабардар ету және салаларды (аяларды) реформалау жөніндегі жүйелі шараларды әзірлеу мақсатында демографиялық өзгерістерді зерделеу;";
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"стратегиялық жоспарлау, реттеушілік саясат, мемлекеттік статистикалық қызмет, институционалдық және әлеуметтік-экономикалық реформалар жүргізу салаларындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыныстар енгізу;";
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"отандық және шетелдік сарапшылар мен консультанттарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмысқа тарту;";
алтыншы абзацтан кейін мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
"жұмыста жасанды интеллект технологияларын пайдалану;";
мынадай мазмұндағы 1-4) тармақшамен толықтырылсын:
"1-4) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша реттеуші құралдарды және (немесе) кәсіпкерлік субъектілері орындауға міндетті талаптарды қалыптастыру шарттарына сәйкестігіне жүргізілген реттеушілік әсерді бағалау қағидаларын бекіту;";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мемлекеттік жоспарлау, реттеушілік саясат және мемлекеттік басқару жүйелерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;";
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"6) елдің әлеуметтік-экономикалық және институционалдық дамуына бағытталған салаларды (аяларды) және реттеушілік саясатты реформалау бойынша жүйелі шараларды әзірлеу;
7) елдің дамуына әсер ететін жүйелі қауіп-қатерлерді анықтау мақсатында әлеуметтік-экономикалық, реттеушілік және басқа да салаларға талдау жүргізу;";
мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2), 7-3), 7-4), 7-5), 7-6) және 7-7) тармақшалармен толықтырылсын:
"7-1) әсерге бағалау жүргізу, реттеушілік талаптар мәселелері бойынша қорытынды дайындау, сондай-ақ оларда жасанды интеллект технологияларын қолдану жөнінде әдіснамалық ұсынымдарды қалыптастыру;
7-2) жасанды интеллект технологияларын, ауқымды деректерді талдауды және ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген талдау ақпаратын қолдана отырып жүргізілген реттеушілік әсерді бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға қорытынды беру;
7-3) әкімшілік кедергілерді жою үшін бизнес-процестердің реинжинирингі және оларды оңтайландыру, мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
7-4) реттеуші интеллектінің ақпараттық платформасын, оның ішінде жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып құру және дамыту бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру;
7-5) мемлекет пен қоғамды демографиялық даму туралы объективті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасындағы демографиялық үрдістер туралы ұлттық баяндаманы дайындау және жыл сайын жариялау;
7-6) жаңа технологияларды пайдалана отырып, демографиялық процестерді талдау мен болжауды қамтамасыз ету және үйлестіру;
7-7) демографиялық процестерге талдау мен болжау жүргізу жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;";
13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"13) елдің дамуын, оның ішінде демографиялық процестерді, халықаралық үрдістерді стратегиялық болжау және оларға талдау жүргізу, сондай-ақ тиісті ұсыныстарды әзірлей отырып, әлемдік тәжірибені зерделеу;";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің құрылымы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Әдеп жөніндегі уәкіл
Төраға хатшылығы (Қызмет)
Ішкі аудит қызметі
Коммуникация қызметі
Жұмылдыру дайындығы, ақпараттық қауіпсіздік және мемлекеттік құпияларды қорғау қызметі
Адами ресурстарды басқару департаменті
Әкімшілік-құқықтық қамтамасыз ету департаменті
Стратегиялық жоспарлау және реформалар мониторингі департаменті
Институционалдық даму департаменті
Реттеушілік саясат және деректерді талдау департаменті
Макроэкономикалық саясат департаменті
Әлеуметтік сала департаменті
Экономика салалары департаменті".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
