"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған 2017 жылғы 1 желтоқсандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы хаттаманың (бұдан әрі - Хаттама) жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Абайұлы Бектеновке Хаттамаға Қазақстан Республикасының атынан қол қоюға өкілеттік берілсін, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат берілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
| Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 17 қарашадағы № 1093 Жарлығымен МАҚҰЛДАНҒАН Жоба |
2017 жылғы 1 желтоқсандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы келісімге өзгеріс енгізу туралы ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер
2017 жылғы 1 желтоқсандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бюджетін қалыптастыру және атқару тәртібі туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 3 және 11-баптарын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімнің 2-бабы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-бап
Ұйымның бюджеті қаржы жылы болып табылатын күнтізбелік бір жыл мерзімге жасалады және оны ҮБК бекітеді.
Ұйымның бюджеті өздері тиесілі қаржы жылына арналған барлық түсім мен шығысты қамтиды және АҚШ долларымен қалыптастырылады. Егер әрбір нақты жағдайда өзгеше тәртіп келісілмесе, жыл сайынғы жарналар мен аванстар АҚШ долларымен есептеледі және төленеді.".
2-бап
Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап уақытша қолданылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы төртінші жазбаша хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кейінірек орындаған мемлекеттер үшін осы Хаттама мұндай рәсімдердің орындалғаны туралы хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді.
3-бап
Шанхай ынтымақтастық ұйымының Хатшылығы осы Хаттаманың депозитарийі болып табылады, ол Тараптарға оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
202 жылы қаласында орыс және қытай тілдерінде бір данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей.
