Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқасының төрағасы мен судьяларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 10 қарашадағы № 1085 Жарлығы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-бабының 2, 5 және 7-тармақтарына, 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 5), 8) 11-1) және 12) тармақшаларына, 3-тармағының 2) тармақшасына, 4 және 5-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Төраға лауазымына:


Алматы қаласы бойынша:



әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа

Раисов Тимур Төлегенұлы;



мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа

Нұрбеков Айбар Баймаханұлы;



Ақмола облысы бойынша:



Сандықтау аудандық сотына

Сәдірмекова Арайлым Тәліпбекқызы;

Степногорск қалалық сотына

Қалиасқарова Салтанат Жақыпқызы
осы облыстың Бурабай аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;



Ақтөбе облысы бойынша:



Ақтөбе қаласының № 2 сотына

Избағамбетова Сандуғаш Жақияқызы;



Әйтеке би аудандық сотына

Бертанов Талғатбек Батырбайұлы
осы облыстың Темір аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;



Атырау облысы бойынша:


Мақат аудандық сотына

Орыспаев Құрмет Орыспайұлы;



Батыс Қазақстан облысы бойынша:



Ақжайық ауданының
№ 2 аудандық сотына

Ғомарова Тамара Сәлімжанқызы
осы облыстың Сырым аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;



Бөкей ордасы
аудандық сотына

Шынғалиев Марат Энгельсұлы
осы облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының
судьясы лауазымынан босатыла отырып;



Орал қаласының № 2 сотына

Суханова Гүлдана Ыбырайқызы;



Қостанай облысы бойынша:



Әулиекөл аудандық сотына

Оспанова Балжан Қайыргелдіқызы;



Қамысты аудандық сотына

Ертаева Ғалия Қайырқанқызы
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;



Қостанай қалалық сотына

Сәдуақасов Жұмабек Майқыбиұлы;



Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:



Шал ақын ауданының ауданаралық сотына

Омаров Рүстем Қошқарұлы
осы облыстың Петропавл қаласының
№ 2 сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;

Түркістан облысы бойынша:



Ордабасы аудандық сотына

Сатыбалдиева Айжан Құлманқызы Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының
судьясы лауазымынан босатыла отырып;



Шығыс Қазақстан облысы бойынша:



Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына

Жүнісова Жанат Ниетқабылқызы;



Өскемен қаласының
қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына

Жақсыбекова Нұргүл Айтбекқызы
осы облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып



тағайындалсын.




2. Судья лауазымына:




Астана қаласы бойынша:



азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотқа

Бурабаев Дулат Қайдарұлы
Қарағанды облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;


Ибраева Назгүл Ерқанатқызы
Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы
лауазымынан босатыла отырып;


Қалиева Арайлым Қадылбекқызы
Қарағанды облысы Балқаш қалалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;



қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотқа

Әлиева Ақмарал Хәкімқызы
Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының
№ 2 сотының судьясы лауазымынан
босатыла отырып;


Жүнісов Данияр Төлендіұлы
Қостанай облысы Қамысты аудандық сотының судьясы лауазымынан
босатыла отырып;



мамандандырылған ауданаралық тергеу сотына

Қиянбекова Әсел Ерланқызы
Ұлытау облысы Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу сотының
судьясы лауазымынан босатыла отырып;



мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа

Көшенов Асламбек Киікбайұлы
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;


Сапарбек Аида
Түркістан облысы Түркістан қаласының ауданаралық сотының судьясы
лауазымынан босатыла отырып;



Алматы қаласы бойынша:



Бостандық аудандық сотына

Бөрі Мират Қайратұлы
Алматы облысы Қарасай аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;



мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа

Ахметова Ардақ Бауыржанқызы
Алматы облысы Қарасай аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;


Әбдіқаниев Рамшит Нұрғабылұлы;


Жолболдиева Дария Оразалықызы
Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;



Медеу аудандық сотына

Әметқұлов Қанат Аманкелдіұлы;



Абай облысы бойынша:



Бородулиха аудандық сотына

Амарханов Нұрсұлтан Николайұлы;


кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа

Тұрысбекова Меруерт Сәкенқызы;



Ақмола облысы бойынша:



Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына

Жәшібеков Әмір Хафизұлы;



мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа

Дүйсенова Камиля Қадыржанқызы;



Ақтөбе облысы бойынша:



Ақтөбе қаласының сотына

Бекқожина Динара Абзалқызы;


Ізбасова Алина Ерболқызы;



Ақтөбе қаласының
№ 2 сотына

Қайболдин Жаслан Мұратұлы;
Қалиева Нұршат Жеделбайқызы;



қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа

Исмаилова Индира Асылханқызы
осы облыстың Қобда аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;



Алматы облысы бойынша:



қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа

Садықова Эльмира Сансызбайқызы;
 



мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа

Рамазанов Азат Асқарұлы
осы облыстың Қарасай әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;



мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа

Ғалымов Диас Манатұлы;



Батыс Қазақстан облысы бойынша:



мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа

Тәкеева Саяхат Әнуарқызы;



Орал қаласының № 2 сотына

Рамазанов Данияр Рамазанұлы;



Жамбыл облысы бойынша:



Қордай аудандық сотына

Ысқақов Кеніш Илесұлы;



Тараз қалалық сотына

Әлімқұлова Инара Базылбекқызы;



Тұрар Рысқұлов ауданының сотына

Қамбарбек Қали Әуелбекұлы;



Жетісу облысы бойынша:



мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа

Нұрболұлы Азат;



Қарағанды облысы бойынша:



Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының № 2 сотына

Хасенова Анар Саматқызы
осы облыстың Нұра аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;



Қостанай облысы бойынша:



Әулиекөл аудандық сотына

Симиютина Елена Анатольевна;



Қызылорда облысы бойынша:



Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына

Абылаева Айгүл Әуелбекқызы;



мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа

Әбдіқалықов Олжас Исаұлы
осы облыстың Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;



Маңғыстау облысы бойынша:



кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа

Жұмаева Мәншүк Мұхамедқызы
осы облыстың Қарақия аудандық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;





Мұнайлы аудандық сотына

Қазиев Ерсін Айтбайұлы;



Павлодар облысы бойынша:



мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа

Сейілғазинова Әлия Шорманқызы
осы облыстың Екібастұз қалалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;



Павлодар қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына

Кочерга Лаура Ильдусовна;



Түркістан облысы бойынша:



кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа

Әбдіраманов Есбол Жүнісәліұлы
осы облыстың Кентау қалалық сотының төрағасы лауазымынан босатыла отырып;



мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа

Құрамысов Берік Полатбекұлы
осы облыстың Кентау қалалық сотының судьясы лауазымынан босатыла отырып;



Сайрам аудандық сотына

Беғалиев Асқат Омарқұлбекұлы;



Шығыс Қазақстан облысы бойынша:



Күршім аудандық сотына

Мизимбаев Думан Сәрсенбекұлы;



Өскемен қаласының
қылмыстық істер жөніндегі
ауданаралық сотына

Тәкенова-Шакиртова Әсел Еділқызы;



Риддер қалалық сотына

Жансұлтанова Эльвира Құмарбекқызы;



Тарбағатай аудандық сотына

Тәтімбеков Данияр Төлегенұлы



тағайындалсын.




3. Атқаратын лауазымынан:




Солтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы

Ыбыраев Алмаз Серікұлы
орнынан түсуіне байланысты;
 



Алматы қалалық
сотының судьялары

Исабаева Ақмарал Ахмеджанқызы орнынан түсуіне байланысты;


Молдашев Қанат Шәдіұлы
орнынан түсуіне байланысты;


Мырзакәрім Рустем Мырзакәрімұлы
орнынан түсуіне байланысты;



Атырау облыстық
сотының судьясы

Нұржанова Бағила Баймұратқызы
орнынан түсуіне байланысты;



Қарағанды облыстық
сотының судьялары

Аманжолов Нұрбек Әбдіманапұлы
орнынан түсуіне байланысты;


Маймақов Бақытжан Қошқарбайұлы
орнынан түсуіне байланысты;



Павлодар облыстық
сотының судьясы

Ыбраев Нұрлан Саматұлы
орнынан түсуіне байланысты;



Астана қаласы бойынша:



азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы

Ысқақбекова Сәулет Майданқызы
орнынан түсуіне байланысты;



Алматы қаласы бойынша:



Түрксіб аудандық
сотының судьясы

Жылқыбаева Айсара Сәтқызы
зейнеткерлік жасқа толуына байланысты;



Шымкент қаласы бойынша:



әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы

Қалдаров Ғалым Қалижанұлы
судья өкілеттігін тоқтата отырып,
тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін судья лауазымынан босату қажеттігі туралы
Сот жюриінің шешімі бойынша;



қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы

Мыстаев Мақсат Ғанибекұлы
орнынан түсуіне байланысты;



Алматы облысы бойынша:



мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың төрағасы

Қожахметов Берік Ақышханұлы
өкілеттік мерзімінің өтуіне байланысты,
осы соттың судьясы етіп қалдыра отырып;



Ақмола облысы бойынша:



Жарқайың аудандық
сотының судьясы

Сағынова Гүлмира Маратқызы
өз тілегі бойынша;



Көкшетау қалалық
сотының судьясы

Қожамұратов Сержан Ақылбайұлы
өз тілегі бойынша;



Жамбыл облысы бойынша:



мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы

Ясарова Руқия Қартқұлқызы
зейнеткерлік жасқа толуына байланысты;
 



Жетісу облысы бойынша:



Ақсу аудандық
сотының төрағасы

Шәймерденов Нұрлан Садықұлы
соттың айыптау үкімінің заңды күшіне
енуіне байланысты;



Қостанай облысы бойынша:



Қостанай ауданаралық сотының судьясы

Жарасбаев Жұмаш Рамазанұлы
өз тілегі бойынша;



Маңғыстау облысы бойынша:



Ақтау қалалық
сотының төрағасы

Шайдуллин Бауыржан Жауымбайұлы соттың айыптау үкімінің заңды күшіне
енуіне байланысты;



Түркістан облысы бойынша:


Қазығұрт аудандық сотының судьясы

Жұмабаев Нұржан Әмзебайұлы
орнынан түсуіне байланысты;



Шығыс Қазақстан облысы бойынша:



мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың судьясы

Оразбаев Салық Қанатұлы
басқа жұмысқа ауысуына байланысты
 

босатылсын.
 


      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады