Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 11 қазандағы № 1035 Жарлығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мына жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның лауазымдық құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары" деген жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, төрағаның орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің өңірлік саясат мәселелеріне жетекшілік ететін кеңесшісі, төрағаның орынбасары";

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің әкімшілік реформа және мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары";

      "Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі" деген жол алып тасталсын;

      2) "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:

      "Мемлекеттік саяси лауазымдар" деген 1-тарауда:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, оның бірінші орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, оның бірінші орынбасары мен орынбасары";

      "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, оның орынбасарлары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, оның бірінші орынбасары және орынбасарлары";

      3) "Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығында:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары";

      "Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің өңірлік саясат мәселелеріне жетекшілік ететін кеңесшісі";

      4) қызмет бабында пайдалану үшін.

      2. Осы Жарлық 2025 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) және 3) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады