ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің кейбір мәселелері туралы";
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:"
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, мемлекеттік қызмет саласында басшылықты және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының сақталуын бақылауды, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру мен іске асыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіруді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайтуды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Міндеттері:
1) мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын мемлекеттік бақылау салаларында мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жөніндегі шараларды тұжырымдау;
2) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың мемлекеттік қызмет туралы және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнаманы сақтау мәселелеріндегі қызметін үйлестіру;
3) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қалыптастыру және іске асыру;
4) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру;
5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарын жою;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;
7) сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.";
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат салаларында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу және іске асыру;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын мемлекеттік бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру және іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы үйлестіру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру салаларында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау;";
6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"6) мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша халықаралық шарттардың жобаларын дайындауға қатысу, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мәселелері бойынша шет мемлекеттердің тиісті органдарымен өзара іс-қимыл жасау, өз өкілеттіктері шегінде халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысу;
7) мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат салаларында басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;";
мынадай мазмұндағы 44-20), 44-21), 44-22), 44-23), 44-24), 44-25), 44-26), 44-27), 44-28), 44-29), 44-30), 44-31), 44-32), 44-33), 44-34), 44-35), 44-36), 44-37), 44-38), 44-39), 44-40) және 44-41) тармақшалармен толықтырылсын:
"44-20) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау";
44-21) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды жүзеге асыру;
44-22) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша шығарылған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің орындауына мониторинг жасау;
44-23) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайларын барынша азайту және жою жөніндегі ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу;
44-24) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік тәртібін айқындау;
44-25) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу;
44-26) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу тәртібін айқындау;
44-27) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру және үйлестіру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды барынша азайту мәселелерінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметін үйлестіру;
44-28) квазимемлекеттік сектор субъектісінде әдіснамалық қолдау, оқыту іс-шараларын жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпарат алмасу шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмысын үйлестіру;
44-29) мемлекеттік және жеке секторлардағы сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау және сыбайлас жемқорлық деңгейін анықтауға қажетті әлеуметтанушылық зерттеулер жүргізу;
44-30) сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқу-ағартуды ұйымдастыру;
44-31) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін ұйымдастыру;
44-32) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау жөніндегі қызметін үйлестіру;
44-33) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру саласында білім беру бағдарламаларын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау;
44-34) сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиелеу, ақпараттық және түсіндіру қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілеріне жәрдемдесу және әдістемелік көмек көрсету;
44-35) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау;
44-36) декларацияларда көрсетілген, жариялануға жататын мәліметтер тізбесін айқындау;
44-37) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп қалыптастыру және оны Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну;
44-38) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;
44-39) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу тәртібін әзірлеу және бекіту;
44-40) мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерімен келісу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру жөніндегі әдістемені әзірлеу және бекіту;
44-41) сыбайлас жемқорлық деңгейін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;";
Агенттіктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
1) тармақша алып тасталсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің құрылымы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 14 шілдедегі № 945 Жарлығына ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 22 шілдедегі № 74 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ҚҰРЫЛЫМЫ
Басшылық
Төрағаның хатшылығы (Департамент)
Мемлекеттік қызметке дайындау және кіру департаменті
Мемлекеттік қызметті өткеру департаменті
Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау департаменті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті
Бюрократиядан арылту және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу департаменті
Цифрлық іріктеу және кадрлық процестер департаменті
Мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасын бағалау және бақылау департаменті
Нормашығармашылық және халықаралық ынтымақтастық департаменті
Жұртшылықпен байланыс департаменті
Әкімшілік-құқықтық департаменті
Персоналды басқару департаменті
Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасы
Ішкі аудит қызметі
Әдеп жөніндегі уәкіл